Астанадағы мектептердің бірінде мұғалім оқушыға физикалық күш қолданған. Кейін ол қызметінен босатылып, үстінен қылмыстық іс қозғалды.
Қаланың білім басқармасы оқиға қызметтік тексеру кезінде анықталғанын алға тартты.
Мұғалім Еңбек кодексінің 52-бабының 1-тармағы, 14-тармақшасына сәйкес – тәрбиелік қызмет атқаратын қызметкердің моральдық ережелерге сәйкес келмейтін әрекеті үшін қызметінен босатылды.
"Қосымша тәртіптік шаралар да қабылданды. Мектеп директоры мен оның орынбасарлары жеке жауапкершілікке тартылып, ресми ескертулер берілді", – делінген хабарламада.
Ал полиция мұғалімнің үстінен қылмыстық іс қозғады.