Қостанайда екі бөлмелі үйде есірткі өсіретін зертхана анықталды

Зертхана екі бөлмелі пәтерде жабдықталған.

Malim Админ

  • 05.03.2024

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады,  деп хабарлайды Polisia.kz. Ақпаратқа сәйкес, жергілікті тұрғын зертхананы екі бөлмелі пәтерде ұйымдастырған. 

Тінту кезінде полицейлер жалпы салмағы 12,5 келі болатын қарасора бұталарын тәркіледі. Мұнда арнайы жабдықтар да болған: жарық және диодты шамдар, термометрлер, желдеткіштер, ылғалдылықты өлшеу құралдары.

Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері екі ер адамды ұстады.

«Фитозертхана құрамында есірткі заттары бар қарасора өсіруге арналған. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр,» – деп атап өтті басқарма бастығы Нұржан Ахметов.

Ұсталғандардың өзге де қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріледі. Қарасора өсіргені үшін үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі ең жоғары қылмыстық жаза қарастырылған.

 

Байланысты жаналықтар

Қазақстанда медициналық мақсатта қарасора өсіріледі

13.05.2025

Қостанай станциясында пойыз бен көлік соқтығысты

10.05.2025

Қостанайда шенеунік боқтағаны үшін жазаланды

26.04.2025

Қостанайлық шенеунік күзетшіні балағаттап тастаған

22.04.2025

Қостанайда салмағы 7 келі алып сәби дүниеге келді

20.04.2025

Қостанайда тұрғын үйден өрт шықты

06.04.2025
MalimBlocks
Қазақстанда медициналық мақсатта қарасора өсіріледі

Қостанай станциясында пойыз бен көлік соқтығысты

Қостанайда шенеунік боқтағаны үшін жазаланды

Қостанайлық шенеунік күзетшіні балағаттап тастаған

Облыс әкімінің баспасөз хатшысы даулы видеоға қатысты пікір білдірді

Қостанайда салмағы 7 келі алып сәби дүниеге келді

Қостанайда салмағы шамамен 7 келі, бойы 60 сантиметрден асатын алып сәби дүниеге келді

Қостанайда тұрғын үйден өрт шықты

Қостанайда тұрғын үйден өрт шықты. ТЖМ қызметкерлері 6 адамды құтқарып, 8 адамды эвакуациялады