Рұқсат берілген 34 жолаушылар пойызының бағыты белгілі болды

Malim Админ

  • 11.06.2020

Ел ішінде 34 жолаушылар пойызының қозғалысына рұқсат берілді. «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы« АҚ-ның баспасөз қызметінің хабарлауынша, коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімімен және Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің келісімімен 10 маусымнан бастап Қазақстан бойынша көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің талаптарын ескере отырып, тағы 34 (Құлсары, Мақат және тағы басқа станциялардағы карантиндік режимге байланысты 5 пойыздан басқа) жолаушылар пойызы іске қосылды.

Сондай-ақ, ұлттық компания мәліметінше, жазғы кезеңде Алакөл көліне 2020 жылдың 11 маусымынан бастап № 459-6941/6942-460 «Өскемен-Достық» және № 457-6941/6942-458 «Семей-Достық» пойызы күн сайын қатынайды.

14 маусымнан бастап № 255/256 «Алматы 2 – Достық» пойызы аптасына үш рет қатынайтын болады.

18 маусымынан № 258/257 «Нұр-Сұлтан 1 – Достық» пойызы аптасына екі рет жүреді.

«Мемлекеттік шекаралар ашылғаннан және басқа мемлекеттердің теміржол әкімшіліктерімен келісілгеннен кейін қалған бағыттар кезең-кезеңімен іске қосылады», - деп атап өтеді компаниядан.

Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, 10 маусымнан бастап санитарлық-заласыздандыру режимі және өзге де шектеу шаралары қатаң сақталған жағдайда пойыздарда вагон-мейрамхана және вагон-барлар жұмыс істейді.

Байланысты жаналықтар

Алматы маңында тағы да жер сілкінді

16.05.2025

Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінді

12.05.2025

Алматыда жер сілкінді

10.05.2025

Алматыда Жеңіс күніне орай дрондар шоуы өтті

09.05.2025

Алматыда дәрігерлер ауыр жарақат алған малайзиялықты аман алып қалды

08.05.2025

Алматы облысында теміржол бойына мәйітті тастап кеткен күдікті ұсталды

08.05.2025
MalimBlocks
Алматы маңында тағы да жер сілкінді

Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінді

Алматыда жер сілкінді

Алматыда Жеңіс күніне орай дрондар шоуы өтті

Алматыда дәрігерлер ауыр жарақат алған малайзиялықты аман алып қалды

Алматы облысында теміржол бойына мәйітті тастап кеткен күдікті ұсталды