«Шал кет» деп айғайлағаны үшін 9 ай жаза

Алматының №2 Бостандық аудандық соты Қаңтар оқиғасы кезінде «жаппай тәртіпсіздікке шақырды және қатысты» (272-бап 2,3 бөліктері) деп айыпталған Әділет Мусинді кінәлі деп танып, 9 айға бас бостандығынан айырды.

Malim Админ

  • 27.07.2023

Әділет Мусин жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді. 38 жастағы Әділет Мусин бұған дейін өзіне тағылған айыптарды үзілді-кесілді жоққа шығарған. Прокуратураның айтуынша, 2022 жылы 4 қаңтарда Мусин жұртты «билік өкілдерінің заңды талаптарына бағынбауға шақырған». Ал  қорғау тарабы соңғы сот отырыстарында «оны Қаңтар кезінде «Шал, кет!» деп айғайлағаны үшін ғана соттағысы келеді, ал мұны Қаңтар кезінде бүкіл елдің жартысы айтқан» деп мәлімдеген еді. Олар Мусиннің кінәсін дәлелдейтін айғақтар жоғын, сотта сөйлеген куәгерлердің ешқайсысы Мусиннің «заңсыз әрекетке барғанын» айтпағанын алға тартқан.

27 шілде күні сот үкімінен кейін Мусинді қарауыл сот залынан алып кетті,- деп жазды Азаттық сайты.

Туыстарының айтуынша, Әділет Мусин тергеу изоляторында отырған кезде азаптауға ұшыраған. Былтыр қыркүйекте анасы Бақыт Ысқақова мекеме қызметкерлерінің ұлын «ұрып-соққанын» айтқан. Алайда азаптау туралы шағым сол күйі қаралмаған. Медициналық сараптама Әділет Мусиннің мойнының алдыңғы жағы жырылғанын, сол жақ беті, оң жақ шынтағы мен оң жақ иығы, екі тобығы көгергенін анықтаған.

Қаңтар оқиғасында ресми есеп бойынша 238 адам қаза тапқан. Алтауы түрмедегі азаптау кезінде көз жұмған.

Байланысты жаналықтар

Шымкентте Қаңтарда адамдарды атқандар жазаланған жоқ

01.08.2023

Ұлттық қауыпсіздік комитетінің қызметкерлері сотталды

20.07.2023

Мәсімов терроризмді қаржыландырушы деп танылды

18.07.2023

Қаза болған 4 жасар Айкөркемнің сотына әкесін кіргізбеді 

13.07.2023

Қаңтар оқиғасында зардап шеккендерге өтемақыны кім береді?

11.07.2023

Әуежайды «басып алу» ісіне үкім шықты

11.07.2023
MalimBlocks
Шымкентте Қаңтарда адамдарды атқандар жазаланған жоқ

Шымкенттегі Қаңтар оқиғасы кезінде қаза болғандардың ата-аналары мен туыстары қала әкімдігі алдындағы алаңға барып, балаларын атқан және атуға бұйрық бергендерді тауып, жазалауды талап етті,- деп хабарлайды Азаттық сайты.

Ұлттық қауыпсіздік комитетінің қызметкерлері сотталды

Қаңтар оқиғасынан кейін азаптан өлген Алмас Мұқашевтың ісі бойынша ҰҚК-нің екі қызметкері сотталды.

Мәсімов терроризмді қаржыландырушы деп танылды

ҰҚК-інің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов және оның бұрынғы орынбасарлары Әнуар Садықұлов пен Дәулет Ерғожинді терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға қатысы бар тұлғалар тізіміне қосты,- деп хабарлады Қаржы мониторингі агенттігінің сайтында.

Қаза болған 4 жасар Айкөркемнің сотына әкесін кіргізбеді 

Қаңтар оқиғасында қайтыс болған 4 жасар Айкөркемнің әкесі мен БАҚ өкілдерін сотқа кіргізбеді,- деп хабарлайды Азаттық радиосы. 

Қаңтар оқиғасында зардап шеккендерге өтемақыны кім береді?

Қаржы министрлігі Қаңтар оқиғасынан кейін қамалып, бірақ кінәсі дәлелденбей босатылған азаматтарға өтемақыны «залал келтірген орган төлеуге тиіс» деп санайды.

Әуежайды «басып алу» ісіне үкім шықты

«Әуежайды басып алу ісі» бойынша бүгін 5 адамға Наурызбай аудандық сотында үкім шықты.