Саяси реформалар заң шығарушы органның жұмысын жандандыра түсті

  • 01.11.2023

Түркістан облысы Кентау қаласының тумасы, парламент мәжілісінің депутаты Қайрат Балабиев елімізде жүріп жатқан саяси және сайлау процестеріне шолу жасапты. Орталықтағы өзгерістердің аймақтарға әсері, оның ішінде Түркістан облысындағы өзгерістерге қатысты ой толғамын оқырман назарына ұсынғанды жөн көрдік.

-Президенттің саяси жаңғыру бағдарламасының аясында ауқымды істер атқарылды. Отандастарымыз, оның ішінде Түркістан облысының жұртшылығы өзгерістерге сенім артты. Жаңғыруға бағытталған  Конституциялық реформалар үшін жалпы халықтық референдум өткізілді. Нәтижесінде Президент сайлауы, Сенат пен Мәжіліс сайлауы, әкімдер сайлауы өтті. Алда аудан әкімдерінің тікелей халық болып сайлауы тұр.

Азаматтардың саяси өмірге араласуына еркіндік берілді. Бірінші рет партиялармен бірге өзге де үміткерлер бір мандатты округ бойынша өзін-өзі депутаттыққа ұсынды. Саяси науқанға әйелдер де қатысып, әділетті қоғамда  «әлеуметтік лифт» қалыптасқанын көрсетті. Қазақстан парламентаризмі жаңа механизмге көшті.

Депутаттардың сайлаушылар алдындағы жауапкершілігі арттырылып, ел мүддесі үшін белсенді қызмет етуге міндеттелді.

Бюджеттің әрбір тиынының тиімді жұмсалуын ойлайтын президент ұлттық жобалардың уақытылы жүзеге асырылуын әрі қазына қаржысының мақсатты игерілуін бақылауды өзге де маңызды істерді парламентке тапсырды. Бұл біз үшін зор мәртебе әрі үлкен жауапкершілік екенін білеміз. Парламенттің мемлекеттік басқару ісінде рөлі ерекше. Парламент заң шығарушы орган болғандықтан сапалы жұмыс талап етіледі.

Парламенттің бірлескен отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев:

– Барлық әлеуметтік топтың мүддесін қорғау тұрғысынан алғанда Мәжіліс пен мәслихаттардың аралас моделін қалыптастыруға көшудің мәні зор. Бұл өзгеріс өкілді билік тармақтарының барлық деңгейіне айтарлықтай ықпал етеді. Соңғы жылдары жүргізілген саяси өзгерістер, сайлау заңнамасын мақсатты түрде либералдандыру Қазақстанда партия құру ісіне тың серпін берді. Ұзақ уақыттан бері елімізде алғаш рет жаңа партиялар ресми түрде тіркелді. Аталған деректі аралық қорытынды ретінде атап өтуге болады. Бұл – алға қарай жасалған маңызды қадам. Саяси жүйені орнықты дамыту ісінде партиялар маңызды рөл атқарады. Осы орайда елімізге жауапкершілігі жоғары партиялар қажет. Олар халықтың мүддесін тиімді қорғай білуге тиіс, – деген болатын.

Конституциялық реформалаудың нәтижесінде Президент 7 жылда бір рет сайланатын болып, Парламенттің пәрмені мен депутаттардың қызметі бекітіліп, Конституциялық сот құрылды. Облыс әкімдері партия филиалдарына жетекшілік етпейтін болды. Жоғары лауазымды қызметкерлер партия тізіміне ілінбеді. Әділдікті ту еткен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың әділетті мемлекет, біртұтас ұлт, берекелі қоғам құру жолында әділ әрі адал азаматтардың ел болашағы үшін көбейгенін дұрыс санайды. Депутаттар бұл ретте арасы алшақтап кеткен билік пен қоғамның қарым-қатынасын нығайтуы тиіс.  Алғаш рет аудан, қала әкімдері сайланды. Алдағы уақытта барлық аудан әкімдері сайлауға түсетін болады. Бұл да елге қызмет ететін азаматтардың белсенділігін арттырып, әділдік орнауына жол беретін саясат. Президент биліктің барлық институттарының жаңарып, саяси үдерісті демократияландыруды көздейді. «Күшті Президент - ықпалды Парламент - есеп беретін Үкімет» мемлекеттің басты тірегіне айналды. Бағалай білгенге көптеген өзгерістер бар.  Біз әділетті Қазақстанды жаңа заң, жаңа қоғаммен құрамыз. Алғашқы қадамның саяси реформалардан басталуының басты себебі – еліміздің ішкі-сыртқы саяси тұрақтылығын сақтау. Ол жоқ жерде ел болып қалу мүмкін емес.

Осы орайда мемлекет бас­шы­сы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылы сайлауда халыққа кең ау­­­­­­қымды «Әділетті Қазақ­стан: бәріміз және әрқайсымыз үшін» деп аталатын сайлау алды бағ­дарламасын ұсынған бо­­латын. Бүгінде осы бағдарламада ай­­тылған Қылмыстық және Қыл­­­мыстық-процестік кодек­­­с­терге талдау жүргізу және же­­­тіл­­­діру барысы қарқынды жүр­­­гізілуде. Десе де, барлығын бір­­­­ден реформалау мүмкін емес, өзгерістер уақытты талап етеді.  Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлау алды бағдар­­ламасы мен жүйелі реформалары, бір­­­­­тұтас ұлт, берекелі қоғам, әді­летті мемлекет құруға негіз­­­де­ген. Мұның бәрі де кезең-ке­зеңі­мен, кезек-кезегімен іске асып келеді. Оның бір дәлелі – сот және құқықтық жүйенің оң­­тайландырылып жатқаны. 

Мемлекет басшысының тап­­сырмасына сәйкес, Қыл­­­мыс­­тық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару ко­­декс­­­теріне өзгертулер мен то­­лықты­­рулар енгізіліп жатыр. Ондағы мақсат – азаматтардың құқықта­­­рын қорғау, қауіпсіздігін қамта­ма­­­сыз ету, бизнестің жүр­гізілуіне бюрократиялық ке­дергісіз жол ашу. Сондай-ақ лауа­­зым иелері­­нің өз өкі­лет­тіктерін теріс пай­далануға жол бермеу, қылмыс жасағаны үшін санкцияларды қайта қарау, сот төрелігін реттеу сияқты өзге де өте маңызды мә­­­селелерді шешу. Осыған байла­­­нысты құрылған жұмыс тобы былтырғы жылдан бері жоғарыда аталған кодекс­­терге талдау жүр­­­гізіп, жұмыс істемейтін норма­­­ларды, колли­­­зияларды талдауға кірісті.

Қылмыстық және Қыл­­­мыс­­­тық-процестік кодекстерді же­­­тілдіру әділетсіздіктерді жою­­ға сеп болып, қылмыстық іс пен әкімшілік құқықбұзу­­­шылық­­­тар­­дың, қылмыстық қудалау мен сотқа дейінгі тергеп-тек­серудің ара жігін ажырату, сотқа дейін тергеп-тексеру түрлерін қысқа­­­р­­туда әділеттілік қалып­­­тасты­ра­ды. Бұл бойынша алдағы 3 жыл­да терең ғылыми-практи­­калық талдау жүргізіледі. Мыса­­­лы, бір тауық ұрлаған да, бір үйді тона­ған да қылмыс болғанымен, тауық ұрлаған 7 жылға, үй тона­­­ған 3 жылға сотталуы әділет­­сіздік. Қылмыс дәрежесіне қа­­рай жаза тағайындауға қатысты халықтың талабы орындалмақ. Президент әлеуметтің талап-тілегі, мұң-мұқтажынан хабар­­дар, сол себепті ескі жүйені жаңа­р­­­тып, әділетті мемлекет құрмақшы. Сыбайлас жем­­­қорлық бабымен сотталғандарға шартты жаза кесіліп, жазасын еркіндікте өтеуге мүмкіндік бе­рілмейді. Енді қарызды өндіріп алу үшін өз өкілеттігін асыра пайда­­­ланып заңсыздықтарға барған коллекторлар қылмыстық жа­­­уап­­­­­­кершілікке тартылады. Се­бебі олардың қысымына шыда­­­май өз-өзіне қол салу жиі­­­леп кет­ті. Кісіні қорқыту, қоқан-ло­­­қы көрсету, өлімге итермелеу – қыл­мыс. Құқық бұз­­ған коллек­­­торларға да 5 жылға дейін қыз­­­метінен айыра отырып, 5 000 АЕК айыппұл салу, не 1 200 са­­­ғатқа қоғамдық жұмыс­­­тарға тарту немесе 5 жыл­­­ға бас бостандығынан айыру көз­­делген. Жұртшылықтың құқықтық сауатсыздығын пайдаланатын алаяқтар да бар. Президент пәр­менімен «AMANAT» партия­­­сы дәрменсіз адамдарды қаржылық және құқықтық сауаттандыру ісімен айналысып келеді. Қазір алаяқтар мен пайдакүнемдерге алданып қалып жатқандар көп. Әсіресе, жер алу, үй сату, құжат­тарды рәсімдеу, біреудің мүлкін иемдену сияқты заңсыздықтар болып жатыр. Әлбетте, құжат рәсімдеу, мүлікті бағалау баға­­лаушылар мен нотариустардың қатынасуынсыз іске аспайды. Сондай-ақ жеке сот орындау­шыларына деген арыз-шағым толастар емес. Жетімдердің али­мент ақысын егеленіп алған­­дарға не дерсіз? Алдағы уақытта өз өкілеттіктерін теріс пайдала­­­нып, азаматтардың немесе ұйым­дардың құқықтарын бұзған нотариустар, жеке сот орындау­­шыларының мүлкі тәркіленіп, белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан 5 жылға дейінгі мер­зімге айыра отырып, 4 000 АЕК көлемінде айыппұл салынып, не сол мөлшерде 1 000 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылады немесе 4 жылға дейін бас бостан­­­дығынан айырылады.  Мемлекет басшысы еліміздің басты құндылығы – адам деп бағалап, қоғамның орнықты да­­муын ұлт саулығымен байла­­­ныс­тырады. Әлемді алаңдатқан су мәселесіне Президент те бей­жай қарамай, суды үнемдеуге және бүлдірмеуге үндейді. Өкі­нішке қарай, ағын су тұрмақ, жер­асты суларын ластайтындар да азаймай тұр. Жалпы табиғи байлыққа тыныштық бермейтін жер қойнауын заңсыз әрі аяусыз пайдаланатындар көбейіп бара­­ды. Білгенге бұл эколо­­­гия­лық құқықбұзушылыққа жатады. Өйткені су ластанса, соның салдарынан сарқылса, табиғатқа да, адамзатқа зиян. Заңда эко­­­логиялық қылмыс жасаған­­дарға жауапкершілік артады. Адамзат­қа қауіп төндіргені үшін Қа­зақ­стан Республикасының аза­­­маттығынан немесе 10 жыл­­­дан 15 жылға дейін бас бостан­­­ды­­ғынан айырылады. Ал денсау­­­лыққа келтірген зиянның дә­­­­­­­ре­­­­жесіне қарай 3 жылдан 8 жыл­ға дейін жазаланады. Бұл тұр­­ғындар қауіпсіздігі мен денсау­­­лығын сақтауға арналған ша­ралар. Сол сияқты мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдау, сатып алу, сақтау, өткізу, сапасы анық­тал­­­маған мұнайды өңдеу, кли­ни­калық зерттеулер жүргізу, жаңа әдістер мен құралдарды қолдану тәртібін бұзу, жалған дәрілік зат­тармен немесе медициналық бұ­йымдармен жұмыс істеу, эко­ло­­­­­гиялық талаптарды бұзу, ауаны ластау, жерді бүлдіру, жер қойнауын пайдалану қағида­­­ларын бұзу бойынша да бірқатар бапқа өзгертулер енгізіледі. 

Кеденде кедергілер де, ке­­­лең­­­­­­­­­­­­сіздіктер де жетерлік. Ке­­­ден­­­­дік рәсімдерді «бір терезе» қағи­­­датына көшіру, кедендік ба­­­­­­­қы­­­­­­­­­­­­­лау­­­­­д­ы интеграциялау тап­­сырылған. Президент кедендік тексерушілердің көптігі салаға кері әсер еткенін, салық саяса­­­тының тиімді болуы кеден жұмы­­­сының ашықтығына бай­ланысты екенін атап өткен еді. Салық пен кедендік рәсімдеу жүйе­­­сін реттеу де сайлау алды бағдарламаның бір тармағы болатын. Осыған орай Қылмыстық кодекстің баптарында жауап­­­кершілікті арттыру қарасты­­­рылған. Яғни, кодексте сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ием­­­деніп алу немесе талан-таражға салу, алаяқтық, экономикалық контрабанда, кедендік алым-салымдарды төлеуден, бюджет пен басқа да міндетті төлемдер­­­ден жалтару бойынша бірнеше еселенген айыппұл көлемін көбейту көзделіп отыр. Мұндай еселенген айыппұлды төлету тек мемлекеттік функцияларды орын­­­дауға уәкілеттік берілген адамдарға қатысты қолданылып, қалған адамдарға қолданыл­­­майды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазіргі ең басты мін­­дет – еліміздің мықты өнер­­­кәсіптік негізін қалыптастыру және экономикамыз өзімізді то­­лық қамтамасыз ете алатын жағдайға жету. Сондықтан өңдеу саласын жедел дамытуға баса мән беруіміз қажет. Осындай аса маңызды шақта зор экономи­­­калық серпіліс жасауға еліміздің толық мүмкіндігі бар. Ол үшін біз біртіндеп жаңа экономи­­­ка­­лық үлгіге өтуіміз керек. Бұл жұ­мысты батыл жүргізуіміз қа­жет. Басты мақсат – қағаз жү­­­зіндегі биік жетістіктерге қол жет­­­­­кізу емес, шын мәнінде ха­лықтың тұрмыс сапасын жақ­­сарту болуға тиіс», – деп биз­нестің еш кедергісіз дамуы үшін заң жүзінде жеңілдіктер жасауды тапсырды. 

Әлемнің алпауыт мемлекет­­терінде бірінші кезекте бизнеске қолайлы жағдай жасайды. Эко­­номиканың қозғаушы күші – бизнес. Қазір Бизнесті жүргізу мәселелері туралы заң жобасы Мәжіліс қарауында жатыр. Бұл заң жобасына түркістандық кәсіпкерлер аса қызығушылық танытып отырған сайлаушылармен жүздескенімде байқап жүрмін.

Мемлекет басшысының бас­­­тамасымен қолға алынған заң жобасы еліміз үшін маңызды әрі тиімді екені ақиқат. Бұл заңды мыңдаған бизнес өкілі тағатсыз­­­дана күтіп жүр. Бизнесті жүр­­­гізуде мейлінше бюрократиялық міндеттемелерді азайту, мемле­­­кеттік органдар мен бизнес арасындағы қарым-қатынасты реттеу, адами фактордың ара­ласуын азайтып, бизнесті ашық­­­­тыққа көшіру сияқты өзге де мәселелер қарастырылған. Заң жобасын оңтайландыру бары­сында 86 заңнамалылық актілер, оның ішінде 11 кодекс қамтыл­ды. Бұл 28 мемлекеттік орган, оның ішінде көптеген комитетке қатысты жұмыстар. Мәжілістің 6 комитетінен 11 депутаттан құралған жұмысшы топ заңның дұрысталуына күш салып келеді. Заң жобасы бүге-шігесіне шейін жұмысшы топтың талқылауынан өтіп, 1 500-дей түзету мен өзгеріс енгізілді. Нәтижесінде, пленар­­лық отырыста заң жобасы бі­рінші оқылымда мақұлданды. Әлі алда екінші оқылым бар. Тү­сініспеушілік туындаған жағдайда әр саланың маман­дары­мен кеңесіп, арнайы жи­налыстар өткізілуде. Заң жоба­сының бизнес жүргізуге ың­ғай­лы болуына барлық сала­лық мемлекеттік органның арнайы қызметкерлері, кәсіп­одақтар, ассоциациялар, «Ата­мекен» палатасынан құралған мамандар да атсалысып жатыр.

Ел мен мүдде бір болғандықтан, мемле­кеттің дамуына қазақ­­стан­­дықтардың жаппай атсалысуы азаматтық борыш деп есеп­­­теймін. Президент айтқандай, адалдық пен әділдікке көшсек, жаңа Қазақстан сөзсіз құрылады. Ол елге көзсіз қызмет етіп, еңбе­гін аямайтын азаматтар көптеп керек. Қасым-Жомарт Кемел­ұлы­ның әрбір бастамасы мен тапсырмалары бас пайдасы үшін емес, ел мен жердің қамы үшін екенін түсінсек игі. «Сабақты ине сәтімен» дегендей, орында бардың оңалатын күніне де жетеміз. Ең бастысы, айнала­дағы геосаяси жағдайлардан са­бақ алып, тыныштық пен ауыз­біршілік сақтау міндет бо­лып тұр. Өзгерістер мүлде жоқ емес, бар екенін мойындау қажет.