freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Сүйінші, ағайын! Журналист Руслан Өтепбай асыға күткен қуанышты жаңалығын жеткізді (ВИДЕО)

Қоғам
Сүйінші, ағайын! Журналист Руслан Өтепбай асыға күткен қуанышты жаңалығын жеткізді (ВИДЕО)
ашық дереккөзден

Журналист Руслан Өтепбай қарындасына арнап әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Ол қарындасы тұрмысқа шыққалы үйдің бір бұрышы бос қалғандай күй кешетінін айтып, сағынышын жеткізген. Бұрынғыдай сыңғырлаған күлкі мен еркелік жетіспейтінін жасырмады.

"Қарындасым тұрмысқа шыққалы үйдің бір бұрышы бос қалғандай… Бұрынғыдай сыңғырлаған күлкі, еркелік жетпей тұрады. Қазір үйде үшеуміз: әкем, анам және мен. Бірақ қыздың орны расында бөлек екен… Бүгін бір әулеттің келіні, бір шаңырақтың анасы болса да, мен үшін сол баяғы кішкентай, ерке қыз болып қала береді. Туған күніңмен, бауырым, қарындасым-қарлығашым… Жарыңмен бақытты бол, шаңырағың шаттыққа толсын!" – деп жазды Руслан Өтепбай.

Осы жазбасында жариялаған видеодан журналистің өзінің қарындасына қымбат әшекей сыйлығын бергенін көруге болады.

Бұған дейін Руслан Өтепбай әлеуметтік желідегі парақшасында қоғамды алаңдатқан Құндыз бен Назгүлдің қазіргі жағдайы туралы қуанышты жаңалықты бөліскен еді. Сондай-ақ ол марқұм композитор Арман Дүйсеновтің жары Айсұлу ханым сот шешімімен өз үйін қайтарып алғанын да алғаш болып жеткізген еді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу