freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Қос қарындасым құлпырып кетіп пе?" – Руслан Өтепбай Құндыз бен Назгүлдің ел таңғаларлық суреттерін көрсетті (ФОТО)

Қоғам
"Қос қарындасым құлпырып кетіп пе?" – Руслан Өтепбай Құндыз бен Назгүлдің ел таңғаларлық суреттерін көрсетті (ФОТО)
Malim.kz коллажы

Белгілі журналист Руслан Өтепбай әлеуметтік желідегі парақшасында қоғамды алаңдатқан Құндыз бен Назгүлдің қазіргі жағдайы туралы қуанышты жаңалықты бөлісті, деп хабарлайды Malim.kz.

Руслан Өтепбай қыздардың қазіргі көңіл-күйі бұрынғыдан әлдеқайда жақсы екенін айтты. Оның жазуынша, қыздардың көзінен бұрынғы қорқыныш емес, үміттің нұры байқалады.

"Қос қарындасым құлпырып кетіп пе? Кезінде тағдырдың ауыр соққысын көрген Назгүл мен Құндыз бүгін мүлде басқа күйде. Көздерінен қорқыныш емес, үміттің нұры байқалады. Құндыз көктем келе сала шашын сары түске бояуды сұрапты. Бәлкім, бұл оның жаңа өмірге деген кішкентай қадамы шығар… Бүгін орталықта мерекелік кеш болған екен. Назгүл сахнада билеп, ал Құндыз ән айтыпты. Көңілдері көтеріңкі, ал жүздері қуанышқа толы. Ең бастысы – қыздар аман, қауіпсіз жерде. Қос қарындасым енді тек күліп жүрсе екен деп тілеймін. Мереке құтты болсын", – деп жазды Руслан Өтепбай.

Бұған дейін әлеуметтік желі қолданушылары апалы-сіңлі қыздардың жағдайын жиі сұрап, олардың тағдырына алаңдаушылық білдіргеннен кейін Руслан Өтепбай арнайы Тараз қаласына барып, қыздардың хал-жағдайын біліп қайтқан еді.

Айта кетейік, Назгүл мен Құндыздың оқиғасы қоғамда үлкен резонанс тудырған еді. Әлеуметтік желілерде Құндыздың аяқ-қолы байланған суреті тарағаннан кейін көпшілік қыздардың тағдырына алаңдаған еді. Осы жағдайдан кейін журналист Таразға барып, мәселенің мән-жайын өз бақылауына алған.

Қазір апалы-сіңлі қыздар бұрын тұрған үйінен арнаулы әлеуметтік орталыққа көшірілген. Мамандардың айтуынша, алдағы уақытта олардың жағдайына сай тұрақты әрі қауіпсіз орта қарастыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ Руслан Өтепбай қыздарға жанашырлық танытып, қолдау білдірген барша қазақстандықтарға алғысын білдірді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу