freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақтау жағалауында өлі аққулар табылды

Экология
Ақтау жағалауында өлі аққулар табылды
Фото: pixabay

Маңғыстау облысының жануарлар дүниесі инспекциясының мәліметінше, 25 наурыз күні Сайын Шапағатов ауылы маңынан 11 өлі аққу табылған, деп хабарлайды Malim.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Барлық өлекселер белгіленген талаптарға сай жойылды. Мамандар бұл жағдайдан жаппай қырылу белгілері анықталмағанын мәлімдеді.

Қазіргі уақытта облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлері Түпқараған ауданы мен Ақтау жағалауын толық бақылауға алған.

Жағдайға қатысты тиісті қызметтер жұмылдырылып, құзырлы органдарға хабар берілген.

Сондай-ақ Қарақия-Қаракөл қорығы аумағындағы Қаракөл көлінде мұндай деректер тіркелмегені хабарланды.

Тексеру жұмыстары жалғасып жатыр. Мамандар алдағы уақытта қосымша ақпарат берілетінін атап өтті.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу