Шымкенттегі №12 спорт мектебі тағы 200 спортшы қабылдайды

Құрылысы өткен жылдың жазында басталған Шымкенттегі №12 спорт мектебінің қосымша ғимараты жыл соңында пайдалануға беріледі. Бұл туралы Шымкен қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Сайрам тұрғын алабында орналасқан №12 спорт мектебінің қосымша ғимаратын салу жұмыстарын «КАЗОЙЛСЕРВИС» ЖШС жүргізіп жатыр. Жобаның жалпы құны 750,5 млн теңге, қазір құрылыс-монтаж жұмыстары бойынша жер жұмыстары – 10 пайызға, ирригация – 20 пайызға орындалған.
Айта кету керек, аталмыш спорт мектебі 6-18 жас аралығындағы жастарды спорттың 8 түрінен спортқа баулиды. Қазіргі таңда волейбол, бокс, дзюдо, еркін күрес, үстел теннисі, баскетбол, таеквондо, пауэрлифтинг сияқты спорт түрлерімен 746 спортшы тәрбиеленуде. Қосымша ғимараттың құрылысы аяқталса, мұнда тағы 200 адам спортпен айналысып, түрлі спорт ойындарынан жарыстар өткізуге мүмкіндік туады. Қосымша ғимарат пайдалануға берілсе тағы бір спорт түрі – бадминтонды да бағдарламаға қосу жоспарланып отыр екен.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks

Сайга под прицелом: что делать с тушами?
Чиновники правительства сдались под натиском группы предпринимателей, желавшей отмены моратория на отстрел сайги. С 2024 года убивать сайгу станет можно. Руководство Комитета лесного хозяйства и животного мира МЭПР объясняет это решение достижением довольно большой численности стад сайгаков.