Тәуелсіздік мейрамы: Құрмет пен марапат жауған күн

Malim Админ

  • 16.12.2020

Алматы облысында Тәуелсіздік күніне арналған басты салтанатты жиын Талдықорғандағы Б.Римова атындағы драма театрында өтті. Талдықорған қаласының жаңадан салынған жаңа орталығындағы жаңа театр ғимараты тәуелсіздік дәуірінің алғашқы нысанындай көрінетіндіктен мұндай салтанатты шараның осы жерде өтуінің бір себебі бар. Бұл күні мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі сіңірген еңбегі барлар,   елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі барлар театр ғимаратына еңселерін тіктеп, пандемия сақтық шараларын сақтап, медициналық маска тағып кірді.

Ара қашықтық сақтап орныққан қауымды облыс әкімі Амандық Баталов құттықтап, тәуелсіздіктің маңызы мен мәні және соңғы жылдары қол жеткізген жетістіктерге тоқталып өтті.

Қымбатты жетісулықтар! Сіздерді ұлық мерекеміз – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіздік – бабалардың арманы мен аманаты, халықтың ең киелі құндылығы. 2021 жылы рухы асқақ, тұғыры биік ел Тәуелсіздігіне 30 жыл толады. Бұл – біздің жас мемлекетіміз үшін үлкен тарихи белес. Осы жылдар ішінде Қазақстан өзін тәуелсіз мемлекет ретінде орнықтырды. Біздің Тәуелсіздік тарихының әр парағында Елбасымыздың ұшан-теңіз еңбегі, жанкешті ерлігі, жасампаз істері жатыр. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың байсалды саясаты Елбасының сындарлы жолымен жалғасып келеді. Осы жылдарда еліміздің жеткен жетістіктеріне жетісулықтардың да қосқан үлесі мол. Тәуелсіздіктің алғашқы он жылдығында облыс бюджеті 20 млрд теңгенің айналасында болса, биылғы жылы бұл көрсеткіш 770 млрд теңгеге жетті. Біз Елбасының тапсырмасына сәйкес, қант қызылшасын өсіруді қайта жаңғыртып, тоқтап тұрған Ақсу, Көксу қант зауыттарын іске қостық. Ирригациялық жүйелерді қалпына келтіруді бастадық. Ет және сүт өңдеу жолға қойылды. «Маревен Фуд», «Лукойл» сияқты 9 Трансұлттық компанияны тарта отырып, инвестициялық ірі жобалар жүзеге асырылды. Халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында өңірге табиғи газ тартылды.  Республикалық «Талдықорған – Өскемен» автокөлік жолы жөнделіп жатыр. Жыл соңына қарай өнеркәсіп өнімінің көлемі 1 трлн. теңгеден асады, ал ауыл шаруашылығында бұл көрсеткіш 900 млрд. теңгеге жетпек, – деп атап өтті Амандық Баталов.

Жиынға қатысушылар әкімнің бұл сөзіне ду қолшапалақтады. Одан кейін салтанатты жиын марапаттау рәсімімен жалғасты.  Талғар аудандық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Қалимолда Байболов, Алматы көпсалалы ауруханасының бөлім меңгерушісі Әлима Көпбаева, Жамбыл ауданындағы «Zhambyl Keramzit Company» ЖШС директоры Марат Мырзағалиұлы және басқа да бір топ азамат «Құрмет» орденін иеленсе, ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденін алғандар қатарында Сарқан ауданындағы «Ақ-Бұлақ продукт» ЖШС жұмысшысы Бауыржан Қалимолданов, Талғар ауданындағы «Zeta» өндірістік компаниясының құрастырушысы Дәулет Намазбаев, «Текелийский энергокомплекс» ЖШС машинисі Ақан Хайруллин бар. Сол сияқты «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» медальдарымен, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен, Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен денсаулық сақтау, әлеуметтік сала, білім беру, мемлекеттік қызмет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, құрылыс, өнеркәсіп және басқа да экономиканың маңызды салаларында еңбек етіп жүрген бірқатар жетісулықтар марапатталды.

Осы күні алты азаматқа «Алматы облысының Құрметті азаматы» атағы берілді. Атап айтқанда, Парламент Сенатының депутаты Ләззат Сүлейменова, еңбек ардагері Елеусіз Сұлтанғазиев, «Айналайын» балалар үйінің әдіскері Несіпжамал Баймадиева, «АЮ ТАС» ЖШС құрылтайшысы Алпысбай Рахимов, белгілі кинорежиссер Талғат Теменов, «ZHERSU» инвестициялық-өндірістік корпорациясының бақылау кеңесінің төрағасы, белгілі меценат Бауыржан Оспанов «Алматы облысының Құрметті азаматы» атанды.

Әкімнен сый-құрмет көріп,  риза болғандар өз кезегінде Амандық Баталовты да құттықтауды ұмытпады. Мәселен, Алматы облысының су жаңа құрметті азаматы, сенат депутаты Ләззат Сүлейменова былай деді:

Ең алдымен облыс әкімі Амандық Ғаббасұлын Елбасымыздың қолынан «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» орденін алуымен шын жүректен құттықтаймын. Осы қуанышпен барлық жерлестерімді де құттықтаймын. Өйткені бұл – барша жетісулықтарға берілген үлкен марапат деп есептеймін. Мен үшін Алматы облысының орны бөлек. Азамат ретінде қалыптасуым, мемлекеттік қызметтегі жолым осы өлкеден басталған. Сондықтан бүгінгі «Алматы облысының Құрметті азаматы» атағын алу – мен үшін биік мәртебе. Осы атаққа ұсынып, қолдап, құрмет көрсеткен мәслихат депутаттарына, барша қауымға ризашылығымды айтамын. Осы құрметті әрқашан ақтап жүруге, лайықты болуға сөз беремін.

Шара соңында марапат алып, мерейі көтерілгендер  мерекелік концертті тамашалады.

Сондай-ақ, дәл осы күні яғни,  Алматы облысы әкімдігі Тәуелсіздік күні туған сәбилерге ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы логотипі жазылған орама көрпе үлестірілді.  Мереке күні облыста дүниеге 140 сәби келген. Оның 10–ы  Талдықорған қаласында. Алматы облыстық перинаталдық орталықтың басшысы Қанат Жұмашевтың сөзінше, Алматы облысында жылына 50 мыңға жуық сәби дүние есігін ашады. Және жыл сайын өңірде бала туу көрсеткіші артып келеді екен.

 

Байланысты жаналықтар

Аятжан Ахметжан: Министр Бейсембаев сынаған адамын ата жауы санайды

22.07.2024

Нұрбай Кеңесбекұлы: Ұлттық ұлан патриот жастарды шыңдайтын құрылым

30.06.2024

Төрехан Майбас: Бізді осы күнге алып келген - қазақшылығымыз!

28.06.2024

Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

27.06.2024

Аңсаған Мұстафа: Ұлттық нақыштағы киім ұлттық сананың оянуына себеп

25.06.2024

Аякөз Еркінбекқызы: Жастарға Қазанғап, Әлшекей, Ақбала күйлерін саф күйінде жеткізгіміз келеді

24.06.2024
MalimBlocks
Аятжан Ахметжан: Министр Бейсембаев сынаған адамын ата жауы санайды

Министрлік ол  шешімнің күшін  жойып, мектепке құжат қабылдайтын уақытты 1-қыркүйекке дейін созды

Нұрбай Кеңесбекұлы: Ұлттық ұлан патриот жастарды шыңдайтын құрылым

«Жас бүркіт» деп аталатын 7 спорттық әскери-патриоттық клубы жұмыс істейді

Төрехан Майбас: Бізді осы күнге алып келген - қазақшылығымыз!

Тәңіріміз сыйлаған құтымыздың Иесі болуымыз керек!

Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

Қазақ тілінің корпус қорын арттыру, ішкі функцияларын жетілдіру ғылыми тұрғыдан да, тіл болашағы тұрғысынан да өте маңызды әрі өзекті.

Аңсаған Мұстафа: Ұлттық нақыштағы киім ұлттық сананың оянуына себеп

Ұлттық нақышты киім-кешекке принт түрінде түсіріп, ұлттық сананы жаңғырту жолдарын іздеген дарынды суретші, ұлт жанашыры Аңсаған Мұстафамен әңгімелесудің сәті түсті.

Аякөз Еркінбекқызы: Жастарға Қазанғап, Әлшекей, Ақбала күйлерін саф күйінде жеткізгіміз келеді

Ақбала Жаңқабылұлы мен Шағдар Ақылбековтың есімдері қалың көпшілікке таныс емес