Төлебиліктерге сайлауды өткізудің тәртібі түсіндірілді

Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясы ағымдағы жылдың 9 тамызында Төлеби ауданында барлық учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары, төраға орынбасарлары және хатшыларының қатысуымен оқыту семинарын өткізілді. Оқыту семинарларына аудандағы 68 учаскелік сайлау комиссияларынан 153 адам қатысты.

Malim Админ

  • 13.09.2023

Семинарда сайлау учаскелеріндегі инфрақұрылымның дайындықтары, мүгедектігі бар сайлаушылардың құқықтарын қамтамасыз ету бойынша жүргізілетін жұмыстар, учаскелік сайлау комиссяларының біліктіліктері күнгі негізгі міндеттері талқыланды. Күн тәртібінде аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы О.Сүттібаев учаскелік сайлау комиссияларының міндеттері жайлы  айтып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі Ә.Өмірәлиев сөз сөйлеп, ауданда өткізілетін сайлауларға дайындық жұмыстарының барысына, оның ішінде ауыл әкімдерінің сайлауы бойынша туындап жатқан ситуациялық сұрақтарға тоқталып, заң бұзушылықтарға жол бермеу мәселесіне кеңінен тоқталды. Оқыту семинарлары барысында қатысушылардың барлығы сайлау заңнамасына қатысты тестілеуден өткізілді. Семинардың соңында сайлау өтетін күндері туындауы мүмкін деген ситуациялық сұрақтарды заң талаптары бойынша шешуге арналған тренинг өткізілді.

Айта кетейік, бұл науқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында ауыл әкімдерін сайлау жөніндегі тапсырмасы аясында атқарылуда. Онда бұдан былай ауыл әкімдерін тұрғындардың өздері сайлайтыны айтылған болатын.

«Егер азаматтарымыздың әл-ауқатын шын мәнінде жақсартқымыз келсе, олардың өздерін осы іске белсенді түрде тартқан жөн. Алдағы саяси реформалардың барлығы халықты мемлекет басқару ісіне кеңінен қатыстыруға бағытталуы керек. Мысалы, қоғамдық пікір сауалнамалары ауыл әкімдерінің сайлау арқылы қызметке келуіне қатысты сұраныстың артқанын көрсетіп отыр.Бұл маңызды қадамды жан-жақты ойластырып, дәйекті түрде жүзеге асырған жөн. Мұндай жүйенің қалай жұмыс істейтінін нақты білуіміз керек. Алайда, бұл мәселенің шешімін кейінге қалдыруға болмайды.Келесі жылы бірқатар ауылдық округ әкімдерінің өкілеттік мерзімі аяқталады. Ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын өткізуге болады деп ойлаймын. Жергілікті билік өкілдерінің сайланбалы болуымен қатар, мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы құзыреттерді бөлу және жергілікті өзін-өзі басқару ісін айқындап алуымыз қажет. Аса маңызды мәселенің бірі – аймақтарды бюджеттен қаржыландыру моделін әзірлеу. Бұл ретте, «орталық пен өңір» арасындағы қарым-қатынастан бөлек, қаражаттың өңір ішінде бөлінуіне айрықша назар аудару керек.

Жергілікті бюджеттерді бекіту барысында бақылауды күшейту қажет. Себебі, бөлінген қаражат көп жағдайда тұрғындардың шынайы қажеттілігіне жұмсала бермейді. Бір-екі көшені жыл сайын қайта-қайта жөндей беру, имидждік іс-шараларға жұмсалатын тиімсіз шығындар азаматтарымыздың наразылығын тудыруда. Бұл – орынды» деген болатын Президент.

Қасым-Жомарт Кемелұлының осы тапсырмасына орай бүгінде өңірлерде сайлау комиссиялары құрылып, сайлауды өткізудің талаптарын түсірдіруге кірісті. Соның бір дәлелі ретінде Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының Төлеби ауданындағы учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары, төраға орынбасарлары және хатшыларының қатысуымен өткізген семинар-кеңесін айтуға болады.

Жалпы, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін тікелей сайлау – азаматтардың конституциялық құқықтарын толыққанды іске асырудағы белсенділігін арттыруға, халықтың билік­ке деген сенімін және әкімнің халық алдында есеп беруін күшейтуге, әкімнің халықтың қажеттіліктері мен проблемаларына ден қою жеделдігін арттыруға, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын толық көлемде іске асыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, бұл жолғы сайлау Қазақстанның сайлау жүйесін дамытудың маңызды кезеңі, ауқымды өңірлік сайлау науқандарын ұйымдастыру мен өткізудің жаңа прак­ти­калық тәжірибесін жинақтау үшін негіз болмақ. Сайлау – қазіргі қоғамды де­мократияландырудың маңызды инс­ти­туты, халықтың ерік-жігерін білдіру, оның мемлекеттік басқаруға қатысуының негізгі нысандарының бірі. Көптеген шетелдің тәжірибесі көрсеткендей, тікелей сайлау кезінде жергілікті атқарушы орган­ның басшысы (әкім) өз сайлаушылары алдында үлкен жауапкершілікті сезінеді, бұл оның жұмысының нәтижесіне оң әсер етеді. Бүгінде аудандар мен об­лыстық маңызы бар қалалардың әкім­дері мәслихаттың келісімімен облыс әкімі тағайындайтын саяси қызметшілер болып саналады.

Байланысты жаналықтар

Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

19.03.2025

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

24.02.2025

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025
MalimBlocks
Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

Тоқаев президенттікке келген жылдары түркі мемлекеттерінің бірқатарымен ынтымақтастықтың жаңа деңгейі қалыптасты

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабековтің 2019 жылы "Қазақ әдебиетіне" берге сұхбатын қайыра жариялауды құп көрдік. Жазушы мұндай әдебиет пен қоғам туралы ойларын ортаға салған.

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін