Дағыстанда туристер мінген Ка-226 үлгісіндегі тікұшақ апатқа ұшырап, бес адамның өмірі қиылды, деп хабарлайды Malim.kz.
Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада ұшқыштың тікұшақты бірнеше рет қатаң қонуға тырысқаны көрінеді. Алғашқы соққы кезінде әуе көлігінің артқы бөлігі ажырап кетіп, артынша тікұшақ суға соғылып, қайта көтеріледі. Бірақ сол сәтте ол айналып, тепе-теңдігін жоғалтқан.
Дағыстанның денсаулық сақтау министрі Ярослав Глазовтың мәлімдеуінше, апат туралы ақпарат бір күн бұрын белгілі болған. Алдын ала болжам бойынша, қозғалтқыштың от алуы – апаттың басты себебі болуы мүмкін.
Қазіргі таңда оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды, тиісті органдар тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Еске сала кетсек, жеке меншік тікұшақ 7 қараша күні Кизляр қаласынан Избербашқа бағыт алған кезде апатқа ұшыраған. Қайғылы жағдай салдарынан борттағы бес адам қаза тапты.