"Түсіністікпен қараңыздар": 20 миллионға демалатын орны бар әжетхана салынбақ

Malim Админ

  • 17.03.2021

Қостанай облысында 20 миллион теңгеге демалатын орны бар биодәретхана салынбақ.

Alau.kz мәліметінше, биотуалет Қостанай-Қарабұтақ тасжолында Алчановка ауылына жақын жерге салынбақ. Көлемі 40 шаршы метр дәретхана құрылысына 20 миллион теңге жұмсау жоспарлануда. Әжетханада демалатын бөлме, wi-fi, ұялы телефон байланысы, бейне бақылау камерасы болады.

«Қазавтожол» ҚФ директорының орынбасары Хамза Сұлтановтың сөзінше, көпшілік туалет құрылысына бөлінетін 20 миллион теңге қаржыға үреймен қарайды. Оған түсіністікпен қарау керек. Себебі қажет құрылыс материалдарының барлығы Алматыдан әкелінеді.

«Көпшілікті «неге 20 миллион теңге?» деген сұрақ үрейлендіреді. Түсіністік болса екен дейміз. Алматыдан әкелу, подстанция құрылысы, іргетасын дайындау, құрылғылар – вандализмге қарсы ұялы байланыс, бейне бақылау, телефон 24/7. Панно ақпараттық болады. Сомма жайдан-жай белгіленген жоқ», - дейді Сұлтанов.

Соңғы уақыттары Қазақстанда дәретхана төңірегінде дау жиі шығатын болды. Осыдан біраз уақыт бұрын Алматыдағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті әрқайсысы 11 миллион теңге тұратын екі биотуалет сатып алмақ болған. Бірақ БАҚ пен әлеуметтік желідегі талқылаулардан кейін, ол бастамасынан бас тартқан.

Оқи отырыңыздар: Түймебаевтың әжетханасы қанша миллион тұрады?

Байланысты жаналықтар

Қостанай өңірінде заңсыз иеленген ауыл шаруашылығы жерлері мемлекетке өтті

17.05.2025

Алматы маңында тағы да жер сілкінді

16.05.2025

Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінді

12.05.2025

Алматыда жер сілкінді

10.05.2025

Алматыда Жеңіс күніне орай дрондар шоуы өтті

09.05.2025

Алматыда дәрігерлер ауыр жарақат алған малайзиялықты аман алып қалды

08.05.2025
MalimBlocks
Қостанай өңірінде заңсыз иеленген ауыл шаруашылығы жерлері мемлекетке өтті

Алматы маңында тағы да жер сілкінді

Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінді

Алматыда жер сілкінді

Алматыда Жеңіс күніне орай дрондар шоуы өтті

Алматыда дәрігерлер ауыр жарақат алған малайзиялықты аман алып қалды