«Үкіметтік емес ұйымдар академиясы» әлеуметтік жобасы басталады

  • 21.07.2022

 

2022 жылдың сәуір айынан бастап "ҮЕҰ академиясы"әлеуметтік жобасы басталды. Бұл жобаны "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен "Азаматтық бастамалар орталығы" ҚБ жүзеге асырады.

2022 жылғы 16 наурызда Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуге жәрдемдесудегі елеулі үлесін және елдегі азаматтық сектордың рөлін арттыру қажеттілігін атап өтті:

"Үкіметтік емес сектор маңызды әлеуметтік мәселелерді көтеріп, оларды кешенді шешуге септігін тигізеді. Бүгінде Қазақстан алдында тұрған міндеттер мемлекет пен ҮЕҰ-ның өзара іс-қимылын күшейтуді, азаматтық қоғам институттарын жүйелі түрде қайта жандандыруды талап етеді. Реформаларды дайындау мен іске асыруға қоғамдық ұйымдарды, белсенділерді неғұрлым кеңінен және терең тарту қажет".

"ҮЕҰ академиясы" әлеуметтік жобасының мақсаты: нысаналы топтарды сүйемелдеу процесінде және қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешуде көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту үшін ҮЕҰ өкілдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру арқылы олардың қызметін кәсібилендіру.

Жобаны іске асыру мерзімі 3 жыл – 2022 жылғы наурыздан 2024 жылғы желтоқсанға дейін.

Мақсатты аудитория: Қазақстанның барлық өңірлерінің ҮЕҰ/КЕҰ өкілдері.

Оқыту түрі: онлайн / офлайн.

ҮЕҰ академиясы" құрылымы:

- ҮЕҰ ұйымдастыру-институционалдық даму факультеті;

- Жобалық менеджмент факультеті;

- Қаржылық менеджмент факультеті;

- Коммерциялық емес сектордағы менеджмент курсы;

- Азаматтық секторға арналған жаттықтырушылар курсы;

- "Өрелі ұрпақ" Онлайн-әлеуметтік кәсіпкерлік мектебі.

Оқуға жазылу:

email: [email protected]

Біздің сайт: http://academy-ngo.kz/

https://www.facebook.com/academynpo

https://www.instagram.com/academy_npo/

https://yvision.kz/post/968229

Алматы қ., Сәтпаев к-сі, 30/8 үй мекенжайы бойынша;

Байланыс нөмірлері: +7 (727) 398 95 25, +7 747 847 19 70

Байланысты жаналықтар

Назарбаев университетінің мәртебесі өзгертілмейді 

05.12.2023

Смайловтың шүйлігуі әкімдерді шошыта ала ма?

05.12.2023

Путинге жаппай смс-хабарлама жіберіліп жатыр

05.12.2023

Қарағандылық әскери қате салынған екпеден көз жұмды

04.12.2023

Халық билігін күшейту – демократиялық жүйенің алға сүйреушісі

02.12.2023

Түркістан облысында ел президентінің бастамалары нәтиже беріп жатыр

01.12.2023
MalimBlocks
Назарбаев университетінің мәртебесі өзгертілмейді 

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Назарбаев Университетінің мәртебесі өзгермейтінін мәлімдеді. Ол “заңды алып тастап, өзгерте алмаймыз” деп отыр.

Смайловтың шүйлігуі әкімдерді шошыта ала ма?

Бүгін Үкімет отырысында көлікпен жүк тасымалдау саласы бойынша мәселесі қаралды. Осы жиында перемерь-министр Әлихан Смайлов жол бойындағы сервистерді әлі күнге дейін дамыта алмай отырғандарына ашынды.

Путинге жаппай смс-хабарлама жіберіліп жатыр

Мобилизациямен соғысқа жіберілгендердің әйелдері Владимир Путинмен 14 желтоқсанға жоспарланған тікелей байланыс нөмеріне жаппай хабарлама жіберіп, туыстары қашан соғыстан оралатынын сұраған. 

Қарағандылық әскери қате салынған екпеден көз жұмды

Тексеріс барысында жіберілген қателер анықталды

Халық билігін күшейту – демократиялық жүйенің алға сүйреушісі

Түркістан облысында ел президентінің бастамалары нәтиже беріп жатыр

Түркістан облыстық «Farab» ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Жанат Шардарбекова соңғы екі жылда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан саяси реформаларға көңілі толатынын айтады: