Wolt: Ашынған жеткізіп берушілер талаптарын орындатты

Бүгін Алматыдағы Жамбыл мен Әди Шәріпов көшелерінің қиылысында Wolt жеткізу компаниясының курьерлері наразылық шарасына шықты. Түскі 12.00-ге жоспарланған шараға шамамен 80-нен аса жұмысшы жиналды.

Айшолпан КЕРІМ

  • 18.05.2021

Компания офисінің алдына жиналған наразы топ қызметтік аккаунттары бұғатталған 40 курьердің мәселесін шешуді, тегін жеткізу аймағының шектік қашықтығын 250 м деп бекіту мен төлемақының ескі тарифін қайтаруды талап етті.

Наразылық шарасына келген Алмат есімді курьердің сөзінше, қазіргі таңда әр 2 шақырым үшін 120 теңге төленеді екен.

«Бұрын күніне 15-17 мың теңге болса, қазіргі күндік табысымыз 10 мыңға әрең жетеді. Бір метрге дейінгі тапсырыстар үшін ақша төленбейді. Оның үстіне ол бір метр аралыққа жету үшін біз аулаларды айналып, клиенттің үйіне жеткенше 2-2,5 метр жүріп қоямыз. Айлығымыздың 22%-ы түрлі төлемдер үшін ұсталып қалады. Өткенде зейнетақы қоры шотымды қарап көрсем, осы уақытқа дейін бірде-бір аударым жасалмапты», - дейді Алмат.

Наразылық шарасына жиналған жеткізіп берушілер - Malim

Компания офисіне кіріп, шағымдарын айтпақ болған бір топ курьер ұзақ уақыт бойы ішке кіре алмады. Кейін компанияның серіктестік істері бойынша менеджері шығып, аздаған уақыттан соң компания директоры Әлібек Есов наразылармен сөйлесіп, мәлімдеме жасайтынын айтты.

Митингіге келген курьерлердің сөзінше, айлық табыс 30-50%-ға дейін қысқарған.

«Компанияға бізді жұмыстан шығару оп-оңай, ұнамай қалса, бірден алып тастайды. Ал, аккаунтnы бұғаттау әдетте ішкі талаптарды бұзған жағдайда қолданылады. Мысалы, тапсырыс беруші қолма-қол ақшамен төлейтін болса, біз ол ақшаны компания шотына qiwi терминалы арқылы аударуымыз керек. Сол аударым жасалмайынша, курьердің аккаунты бұғаттаулы болады, тапсырыс ала алмайды. Ал осы жолы бірден 40 курьердің аккаунты бұғатталған. Оның бәрі өткен апта митингіге шығып, ашық наразылық білдіргендер», - деген компания қызметкері атын айтудан бас тартып, мұны жұмыстан шығып қалудан қорқатынымен түсіндірді.

Бұған дейін Әлібек Есов 17 мамыр күні жұмысшылардың жалақысына байланысты сұрақтарына жауап беретіні айтылған еді. Алайда кеше жеткізіп берушілер басшылықтан хабар ала алмаған.

Бір сағаттан кейін компания директоры Әлібек Есов шығып, Финляндиядағы басшылықпен келіссөздер нәтижесінде наразы топтың талаптары аз уақыт ішінде орындалатынын жеткізді. Есовтің сөзінше, 19 мамырдан бастап курьерлерің төлемақысы ескі тарифпен есептелетін болады.

«Әзірге бұрынғы төлем жүйесі қайтарылады. Бұл мәселе бойынша әкімдікпен бірлесе жұмыс істеп жатырмыз. Әкімдік нарық жағдайын тексеріп, компанияның жұмысшыларға қалай айлық төлеп жатқанын тексеріп көреді. Ең бастысы, тариф шарттары жеткізіп берушілер, клиенттер және компания үшін тиімді болуы тиіс» - деді Әлібек Есов.

Wolt компаниясының директоры Әлібек Есов - Malim

Сондай-ақ, директор 40 емес, тек 18 аккаунт бұғатталғанын жеткізді. Есов ол қызметкерлер де платформаға қайта тіркелу арқылы жұмыстарын жалғастыра алатынын айтты.

Сырым - компанияның ресми плафтормасында аккаунты бұғатталған қызметкер - Malim

Сырым – өткен аптадағы митингіге шығып, артынан бірден аккаунты бұғатталып қалғандардың бірі. Телефонын ашып, платформаға қайта кіріп көрмек болдық. Алайда, оның аккаунты әзірге іске қосылмаған екен.

Байланысты жаналықтар

Абай облысында халықтың орташа жалақысы – 340 мың теңге

04.11.2024

Тбилисидегі митинг: оппозиция жаңа сайлау өткізгелі жатыр

29.10.2024

ШҚО-да қызметкерлеріне 4 млн теңге жалақы төлемеген кәсіпорын жазаланды

20.10.2024

Келесі жылдан бастап қандай мамандардың жалақысы өседі?

27.09.2024

Венесуэладағы сайлаудан кейін оппозиция жақтаушылары митингке шықты

06.08.2024

«Әуре болмаңдар». Азамат Сатыбалды шеруге шыққан «Қазақфильм» қызметкерлеріне үндеу жасады

23.07.2024
MalimBlocks
Абай облысында халықтың орташа жалақысы – 340 мың теңге

Тбилисидегі митинг: оппозиция жаңа сайлау өткізгелі жатыр

Сайлау нәтижесінде «Грузин арманы» партиясы билікте қалған болатын

ШҚО-да қызметкерлеріне 4 млн теңге жалақы төлемеген кәсіпорын жазаланды

Ал жалақылары толық берілген

Келесі жылдан бастап қандай мамандардың жалақысы өседі?

Елімізде 1 миллион 800 адам 85 мың теңге алып жүр

Венесуэладағы сайлаудан кейін оппозиция жақтаушылары митингке шықты

Венесуэладағы президент сайлауынан кейін оппозиция өкілдері жаппай митингке шығып, биліктен өздерінің жеңісін талап етуде. Қазіргі президент Николас Мадуро қазіргі уақытта мыңдаған "тәртіп бұзушылардың" ұсталғанын мәлімдеді.

«Әуре болмаңдар». Азамат Сатыбалды шеруге шыққан «Қазақфильм» қызметкерлеріне үндеу жасады

Актер наразылық шеруді белгілі бір топ ұйымдастырғанын алға тартады.