Хостелде шыққан өрт. Алматы әкімі Досаев пікір білдірді

Өрт орнынан 59 адам эвакуацияланды

Malim Админ

  • 30.11.2023

Ерболат Досаев "Азаттыққа" берген пікірінде 56 адам жақын маңдағы мектепке уақытша орналастырылатынын айтты.

-Сағат 08:40-тағы жағдай бойынша өрт орнынан 59 адам эвакуацияланды, оның үшеуі сағат 08:40-қа дейін жедел медициналық жәрдем ауруханасына жеткізілді. Қазір 56 адам жақын маңдағы мектепке уақытша орналастырылды. Ыстық тамақ берілді, қажетті медициналық және психологиялық көмек толық көлемде көрсетіледі. Бір сағат ішінде ауданның қонақ үйлеріне орналастырылады,-дейді Алматы әкімі Ерболат Досаев.

Досаев қаза болғандардың 11-і - қазақстандық, біреуі – Өзбекстан, біреуі – Ресей (Саха республикасы) азаматы екенін айтты. Хостелдегі өртке байланысты “Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу” (292-бап) бойынша қылмыстық іс тіркелген. Бұл жөнінде төтенше жағдай министрлігі хабарлады.

 Алмалы ауданы әкімдігінің өкілі Айдар Жақыбаев өрт болған кезде хостелде болғандардың көбі - жастар, студенттер екенін мәлімдеді. Оның сөзінше, арасында медицина университетінде оқитын Үндістан, Пәкістан азаматтары да бар.

-Тағы бір пәкістан азаматы ауыр жарақат алған. Зардап шеккендердің орташа жасы - 25-30 жас. Қалған құрбандардың жеке басы анықталып жатыр. Адамдар көмірқышқыл газынан ұйықтап жатқанда қайтыс болды, күйік белгілері байқалмады,- дейді Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев.

Ол хостелдің ашылғанына бір жарым ай болғанын мәлімдеді.

-Үш қабатты ғимараттың жертөлесінен хостел ашқан. Бұл, негізі, заңға қайшы. Себебі жертөле адам тұруға арналмаған. Қанша жерден жабдықталса да,-деді Нұрлан Атығаев.

Йемен азаматы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің медицина факультетінің студенті Азаттыққа “Кеше кешке хостелдегі достарыма келдім. Сағат 11 шамасында. Менің достарым Йеменнен үш күн бұрын келген. Хостелге келгенде төтенше ештеңе байқамадым. Достарымның айтуынша, олар бірдеңе естіген. Содан кейін сыртқа шыққан. Достарым қазір ауруханада. Жағдайлары жақсы”,-деп пікір білдірген.

Tengrinews сайты да куәгерлердің сөзін жариялады:

-Меркеден бауырларымызбен бірге шамамен екі апта бұрын келгенбіз. Өрт басталған кезде сигнализация ойнады, айнала түтін болып кетті. Барлығы бөлмелеріне жүгіріп, басқаларын оятуға кетті, Көшеге шықтық, бірақ өрт байқалмады. Бірінші қабатта жеті бөлме болған, әрқайсысында жеті адамнан. Онда негізінен қазақстандықтар тұрды,-делінген пікірде. Қазір оқиға болған жерді полиция бақылап тұр.

Байланысты жаналықтар

«Тосынсый жасағым келеді». Мәдина Сәдуақасова қымбат пәтер сатып алғанын айтты

02.04.2025

Таиландта өртенген катерде зардап шеккен қазақстандық оқиғаның қалай болғанын айтты

02.04.2025

Астана-Алматы бағытындағы пойыз енді Шу станциясына тоқтамайды

01.04.2025

Алматыдан 178 шақырым қашықта жер сілкінді

31.03.2025

Тоқаев Алматы әкіміне қандай тапсырмалар берді?

30.03.2025

Тоқаев Мирзиёевті шығарып салды

29.03.2025
MalimBlocks
«Тосынсый жасағым келеді». Мәдина Сәдуақасова қымбат пәтер сатып алғанын айтты

Өнер иесі пәтерді жақын адамына сыйламақ.

Таиландта өртенген катерде зардап шеккен қазақстандық оқиғаның қалай болғанын айтты

Астана-Алматы бағытындағы пойыз енді Шу станциясына тоқтамайды

Алматыдан 178 шақырым қашықта жер сілкінді

Қазақстандық сейсмологтар Қырғызстандағы жер сілкінісін тіркеді

Тоқаев Алматы әкіміне қандай тапсырмалар берді?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жұмыс сапары кезінде қала әкімі Ерболат Досаевқа шаһарды жарықтандыру, пәтерлерге суды уақтылы және толық беру, көшелер мен аулаларды абаттандыру бойынша бірқатар тапсырма берді

Тоқаев Мирзиёевті шығарып салды

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев​​​​​​​тің Қазақстанға жұмыс сапары аяқталды