Заңсыз құжат, жалған нөмірлі автокөлік иелері 5 тәулікке қамалады

Шетелдік нөмірмен жүрген көліктерді аулау басталған сияқты ма?

  • 13.09.2022
Көрнекі сурет / Фото: kolesa.kz

Көлік құралын заңсыз басқаруға байланысты жаңа құқық бұзушылық өзгерістер енгізіліп жатыр. Бұл туралы Алматы қалалық әкімшілік полициясы хабарлады.

Polisia.kz сайтының жазуынша, бұдан былай көлікті мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз басқаруға байланысты заң талаптары күшейеді. Және одан басқа да мәселелерге байланысты өзгерістер қарастырылған.

Көлікті мемлекеттік нөмірсіз жүргізу екінші рет қайталанған жағдайда, бұрынғыдай айыппұл мөлшерін өсіріп қана қоймай, енді, жүргізуші куәлігінен айыру көзделіп отыр. Жаңа заңға байланысты онда 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салу және бір жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі шара көзделеді.

Қазір Қазақстанда Ресейден әкелінген шетелдік нөмірлі көліктердің ешқандай елдің базасына тіркелмегені туралы алып қашпа әңгіме бар. Сірә, бұдан былай мұндай көлігі барлар немесе шетелдік нөмірмен жүрген, бірақ, Қазақстанда жүру мерзімі өткен көлік иелеріне қиын болатын түрі бар. Себебі, бұл тарапта да талап күшейіп жатыр.

Бұған қатысты Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Дәулет Сейтқұлов мынадай ақпарат ұсынып отыр:

Жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі бар көлік құралын басқарғаны үшін айыппұл түріндегі жаза алынып тасталады да, 5 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу шарасы енгізілуде.

Алғаш рет көлік құралын тоқтату туралы заң талабын орындамағаны үшін айыппұл 40 АЕК-ге дейін көтеріледі және әкімшілік жаза түріндегі баламалы жазаны енгізе отырып, 3 тәулікке дейін қамауға алу құзыретін соттардың қарауына береді.

Сондай-ақ, көлік құралын басқару құқығынан айыру мерзімі бір жылға дейін ұлғайтылып, іс-әрекетті қайталап жасағаны үшін 5 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу түріндегі қосымша жазалар.

Мұндай құқық бұзушылықты көлік құралын басқару құқығы жоқ немесе одан айырылған адам жасаған кезде айыппұл 60 АЕК-ге дейін ұлғайтылады және 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жазаның қосымша түрі енгізіледі.

Құқық қорғау органы қызметкерінің заңды бұйрығына немесе талабына бағынбағаны үшін баптың санкциясынан (ҚР ӘҚБтК-нің 667-бабы 1-бөлігі) “ескерту” алынып тасталды, айыппұл 30 АЕК-ге дейін өсті және 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу мерзімі белгіленді. Мұндай әрекетті қайталап жасағаны үшін 15-тен 20 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу көзделген.

Әкімшілік қамауға алу қолданылмайтын адамдарға қатысты айыппұл 50 АЕК-ге дейін өсті.

Аталмыш заң 11 қыркүйек күні енгізілген, осы күннен бастап санағанда 60 күннен кейін қолданыла бастайды.

Байланысты жаналықтар

Утильсбор: автохлам на дорогах и высокая смертность

22.01.2024
MalimBlocks
Утильсбор: автохлам на дорогах и высокая смертность

В парламенте снова заговорили о вреде утильсбора. Обращаясь к правительству, депутат мажилиса Нартай Сарсенгалиев призвал снизить стоимость утильсбора и первичной регистрации автомобилей. Эксперты же отмечают, что сложившаяся проблема влечет гораздо более тяжёлые последствия для казахстанцев, чем только переплаты за новые машины.