Жас депутаттар, жас әкімдер сайланып жатыр

Malim Админ

  • 12.10.2023

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ата Заңға өзгерістерді бүкіл халықтың талқысына шығаруы – ел болып қолдауға лайықты іс. Халқымен ақылдасатын биліктің аты озады. Бұл әрбір азаматтың жан дүниесін түлетіп, мерейін өсіріп, рухын көтереді. Жаңа Қазақстанды құрудың алғашқы қадамын референдумнан бастау арқылы Президент енді әр қазақстандықтың пікірі маңызды екенін айтты.

Қазақстандағы республикалық референдум 2022 жылғы 5 маусымда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша өтті. Осы арқылы былтыр өзгертулер енгізілді. Ол халықтың дамуына өз үлесін қосып жатыр.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» конституциялық заңда және «Саяси партиялар туралы» заңда қарастырылған ережелер бойынша парламенттік тәжірибемізде алғаш рет партиялық тізімге әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық квота енгізілді. Бұл норма Парламентке және жергілікті өкілді органдарға әйелдер мен жастарды тартудың тиімді жолы ретінде олардың еліміздегі қоғамдық-саяси үдерістерге белсенді қатысуына септігін тигізді. Жас депутаттар, жас әкімдер сайланып жатыр. Мен «Арыс гуманитарлы-техникалық колледж» мекемесінде өзін - өзі басқару ұйымының президентімін. Бізде көптеген іс-шаралар жоғары деңгейде өтеді. Орта арнаулы оқу орындарының студенттерінің белсенді болуы біз үшін керемет мүмкіндік. Өз ойларын ортаға салу, қоғамдағы істерге пікірін білдіру арқылы болашақ ұрпақтың санасы жетіле түсді. Сол себепті де колледж студенттерінің белсенді болғанын қалаймыз және сол үшін колледжаралық сайыстар мен байқаулар ұйымдастырамыз. Мемлекет, қоғам ісіне бей-жай қарамайтын ерікті жастар өсіп келеді.

Назира Күндебек,

ерікті,

Түркістан облысы

Байланысты жаналықтар

Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

19.03.2025

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

24.02.2025

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025
MalimBlocks
Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

Тоқаев президенттікке келген жылдары түркі мемлекеттерінің бірқатарымен ынтымақтастықтың жаңа деңгейі қалыптасты

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабековтің 2019 жылы "Қазақ әдебиетіне" берге сұхбатын қайыра жариялауды құп көрдік. Жазушы мұндай әдебиет пен қоғам туралы ойларын ортаға салған.

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін