Жастарға арналған тағылымдаманың берері көп
Медиа және коммуникация саласында оқитын студенттер мен түлектер бір айлық тағылымдамадан өтті.

Бағдарлама аясында студенттер мен түлектер 24 шілде мен 24 тамыз аралығында Qazaqstan, «Хабар Агенттігі», Qazaq gazetteri, QazContent сияқты еліміздің ірі медиахолдингтерінде тағылымдамадан өтті. Тағылымдаман еліміздің 13 өңіріндегі 14 ЖОО-дан келген 25 студент қатысты. Бағдарлама барысында студенттер отандық медиа индустрияның білікті мамандарымен және медиа-сарапшылар қоғамдастығының өкілдері – Қарлығаш Жаманқұлова, Амангелді Құрмет, Асқар Беков, Молдияр Ергебеков және Әлия Әшіммен кездесті. Сонымен қатар жас мамандар «Қазмедиа орталығын» аралап, Qazaqstan, «Хабар», «Хабар 24» телеарналарының жұмысымен танысу мүмкіндігіне ие болды.
Шараны Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Қазақстандық қоғамдық даму институтының MediaLab орталығы ұйымдастырды.
Стеденттер кәсіби дағдыларын дамытып, шығармашылық қабілетін шыңдады. Тәлімгерлердің жетекшілігімен бір айда жас мамандар дайындаған 74 репортаж бен бейнеролик көрсетілді, әртүрлі тақырыпта жазылған 84 мақала жарияланды.
Тағылымдаманың қорытынды жиынында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі қатысушыларды тағылымдаманың сәтті аяқталуымен құттықтап, сертификат табыс етті.