Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Сот отырысында Шерзат Болатқа кімнің пышақ салғанын айтты

Қоғам
Сот отырысында Шерзат Болатқа кімнің пышақ салғанын айтты

Талдықорғандағы Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 16 жасында кісі қолынан қаза тапқан Шерзат Болаттың ісі қаралып жатыр. Бүгін сот отырысы Талғар аудандық полиция басқармасының криминалды полиция бөлімінің басшысы Медет Әділжаннан жауап алудан басталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Ол оқиға болған күні марқұм Шерзат Полаттың немере ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтан жауап алған. 

Нақты жауап алу кезінде Нұрқанат Ғайыпбаев Шерзатты Абзал Шынасыл, өзін Азамат Тоқтабаев пышақтады деп сол кісілердің суреттерін көрсетті, – деді Әділжан сотта. 

Жәбірленуші Ғайыпбаев полиция көрсеткен бірнеше адамның суретін қарап шығып, нақты тану жүргізген. Оның айтуынша, Шерзат Болатты пышақтаған — Шынасыл Абзал, ал өзін жарақаттаған азамат — Тоқтаубаев.

Судья Ержан Жанұзақов нақты кімді танығанын сұрағанда, Медет Әділжан төмендегідей жауап берді:

Ол нақты Шерзатты Шынасыл Абзал пышақтағанын, ал өзін Тоқтаубаев жарақаттағанын айтты. Екеуінің де суретін көрсетті, – деді Әділжан.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу