Әйгілі Кабирхан жаңа маусымдағы алғашқы жарысына қатысты

Арман Қайыпхан

  • 25.01.2025

Дубай халықаралық ат спорты карнавалы аясында "Мейдан" ипподромында қазақстандық ат спортының басты жұлдызы Кабирхан жаңа маусымдағы алғашқы жарысына қатысты, деп хабарлайды Malim.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.         

Қазақстандық тұлпар Al Maktoum Challenge жарысында өнер көрсетті. Сайыс қорытындысы бойынша 7-орынға ие болып, өкінішке қарай өзінің чемпиондық атағын қорғай алмады.

Кабирхан қатысқан 1900 метрлік Al Maktoum Challenge жарысының жалпы жүлде қоры 3 миллион 680 мың дирхамды (522 миллион теңге) құрады. Турнир регламентіне сәйкес, бұл бәйгеде бірінші орын алған тұлпар 2 миллион 208 мың дирхам (313 миллион теңге), екінші орынға 736 мың дирхам (104 миллион теңге), ал үшінші орынға 368 мың дирхам (52 миллион теңге) сыйақы алды.

Өткен жылы Кабирхан Дубайда 2000 метрлік бәйгеде жеңіске жетіп, иесі 15,5 миллион теңге сыйақы алған еді. Соңғы рет 2024 жылдың наурыз айында Кабирхан Дубайда өткен, жүлде қоры 7 миллион долларлық Dubai World Cup бәйгесіне қатысты. Танымал сәйгүлік бұл жарыста сегізінші орын алды. Кубоктан кейін иесі Кабирханның шабандозын ауыстырып, оны Дубайдан АҚШ-қа көшіру туралы шешім қабылдады.

Айта кетейік, Кабирхан – таза қанды ағылшын тұқымды тұлпар. Тұлпардың иесі - Тілек Мұханбетқалиев. Кабирхан 2023/2024 жылғы маусымда иесіне 755 548 АҚШ доллар сыйақы әкелді.

Фото: inbusiness.kz

Байланысты жаналықтар

Қазақстан құрамасы Словенияны 9:1 есебімен ойсырата жеңді

15.04.2025

Өскеменде ардагерлер арасында тоғызқұмалақтан турнир өтті

15.04.2025

Жәнібек Әлімханұлының алдағы жоспары белгілі болды

14.04.2025

Қазақстандық оқушылар Жазғы гимназиадада 11 медаль алды

13.04.2025

Әлем чемпионы ауылында қора тазалап жүр

13.04.2025

Қазақстан футбол федерациясының басшылығына шетел азаматы тағайындалды

12.04.2025
MalimBlocks
Қазақстан құрамасы Словенияны 9:1 есебімен ойсырата жеңді

Өскеменде ардагерлер арасында тоғызқұмалақтан турнир өтті

Жәнібек Әлімханұлының алдағы жоспары белгілі болды

Қазақстандық оқушылар Жазғы гимназиадада 11 медаль алды

Әлем чемпионы ауылында қора тазалап жүр

Қазақстан футбол федерациясының басшылығына шетел азаматы тағайындалды