«Астана» мен «Челси» матчын қайдан көруге болады

Malim Админ

  • 12.12.2024

12 желтоқсан күні сағат 20:30-да «Астана» мен «Челси» футбол командаларының матчы өтеді. Ойын Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Төрт турдан кейін «Астана» турнир кестесінде 4 ұпаймен 23-орында тұр. Ал «Челси» барлық кезеңде жеңіске жетіп, 12 ұпаймен көш бастап тұр.

Аталмыш ойынға алматылық жанкүйерлер стадионға барып көре алады. Алматы қаласының әкімдігі мен клуб басшылығы жанкүйерлерге көшелер жабылатынын хабарлаған еді.

Әкімдіктің мәліметінше, орталық стадион маңындағы Абай даңғылы (Байтұрсынов көшесінен Мұқанов көшесіне дейін), Сәтпаев көшесі (Байтұрсынов көшесінен Байзақов көшесіне дейін) сағат 18:30-дан 00:00-ге дейін жабылады.

Стадионға кіру сағат 18:00-де басталады. Жол кептелісін болдырмау үшін жанкүйерлерге қоғамдық көлікті пайдалануды ұсынады.

12 желтоқсан кешкі уақытта шамамен -11 градус суық болады. Ұйымдастырушылар жылы киінуді ұсынды. Сонымен қатар, стадионға өткізу кезінде кейбір заттарды алып кіруге тыйым салынатынын ескертеді. Стадион ішінде ыстық сусындар мен тағамдарды сатып алуға болатын орындар қарастырылған.

Сондай-ақ, қала әкімдігі жанкүйерлер үшін 8 тегін автобус бағытын ұйымдастырды. Әр бағыт бойынша 10 автобус қызмет етеді. Төмендегі маршруттарды 2GIS сервисі арқылы көруге болады:

Қалқаман шағын ауданы (№7 Қалалық аурухана аялдамасы) — Орталық стадион.

Орбита шағын ауданы (Мұстафин — Торайғыров көшелері) — Орталық стадион.

Айнабұлақ шағын ауданы (Мақатаев — Павлодар көшелері) — Орталық стадион.

«Халық Арена» аялдамасы (солтүстік бағыт) — Орталық стадион.

Алматы-1 теміржол вокзалы — Орталық стадион.

«Райымбек батыр» метро станциясы — Орталық стадион.

Наурызбай ауданының ХҚКО — Орталық стадион.

Момышұлы — Мөңке би көшелері аялдамасы — Орталық стадион.

Автобустар сағат 16:00-ден бастап жолға шығады.

Айта кетейік, ағылшындық «Челси» бүгін 12 желтоқсан күні таңда Алматыға келіп жетті. Челси негізгі ойыншыларын Лондонда қалдырып, бұл ойынға жастар құрамасының футболшыларымен ойнауды жоспарлап отыр.

Клуб басшылығы жанкүйерлерге алыпсатарлардан аулақ болып, билеттерді тек zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға шақырады.

Байланысты жаналықтар

Қазақстан құрамасы Словенияны 9:1 есебімен ойсырата жеңді

15.04.2025

Жәнібек Әлімханұлының алдағы жоспары белгілі болды

14.04.2025

Қазақстандық оқушылар Жазғы гимназиадада 11 медаль алды

13.04.2025

Әлем чемпионы ауылында қора тазалап жүр

13.04.2025

Футбол жұлдызы Криштиану Роналдудың табысы қанша?

12.04.2025

Қазақстан футбол федерациясының басшылығына шетел азаматы тағайындалды

12.04.2025
MalimBlocks
Қазақстан құрамасы Словенияны 9:1 есебімен ойсырата жеңді

Жәнібек Әлімханұлының алдағы жоспары белгілі болды

Қазақстандық оқушылар Жазғы гимназиадада 11 медаль алды

Әлем чемпионы ауылында қора тазалап жүр

Футбол жұлдызы Криштиану Роналдудың табысы қанша?

Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубы мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду жылына кем дегенде 350 миллион еуро табыс табады

Қазақстан футбол федерациясының басшылығына шетел азаматы тағайындалды