Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Боксшы Садриддин Ахмедов жеңісінен соң марқұм Шерзатты еске алды

Спорт
Боксшы Садриддин Ахмедов жеңісінен соң марқұм Шерзатты еске алды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедов АҚШ-та өткен кәсіпқой бокс кешіндегі жарқын жеңісінен кейінгі сөзінде марқұм Шерзат Болатты еске алды, деп хабарлайды Malim.kz.

Таңды атырып көріп, менің жекпе-жегімде жанкүйер болып отырған барша қазақстандықты шын жүректен құттықтаймын, 16-желтоқсан – Тәуелсіздік күнімен осы жеңісім арқылы құттықтағым келеді. Қазақстанда неше түрлі жағдай болып жатыр... Шерзатқа байланысты. Әрбіріміз шетелде жүрсек те жүрегімізге батады. Осындай рингтерде, осындай ареналарда Қазақстан үшін бар күшімізді салып, еліміздің көк туын көтеру біз үшін үлкен мәртебе. Сондықтан, Қазақ елі, сіздерді қатты жақсы көремін. Желтоқсандағы қаншама аға-апамыз дүниеден өтті. Сол үшін осы жеңісімді Қазақ еліме арнағым келеді, деді ол.

Айта кетейік, ол бүгін АҚШ-тың Санта-Инез қаласында өткен Hollywood Fight Nights бокс кешінде америкалық Рафаэль Игбоквемен шығып, жетінші раундта нокаутпен жеңген еді. Бұл жетісайлық жігіттің 15-жеңісі, оның ішінде 12-нокауты.

Фото: instagram/sadriddin_____soq

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу