Бүгін Әбиба Әбужақынова, Мұхамедсабыр Базарбайұлы мен Елдос Сметов сынға түседі

27 шілдеде жарыс жолына шығатын спортшыларымыздың уақыты жарияланды

Мәди Саматұлы

  • 27.07.2024

27 шілдеде, Париж Олимпиадасының алғашқы ресми жарыс күнінде 14 жүлде сарапқа салынады. Ал қазақстандық атлеттер 4 спорт түрінен жүлдеге таласу мүмкіндігіне ие, деп хабарлайды Malim.kz.

Туризм және спорт министрлігі бүгін, 27 шілдеде Париж Олимпиадасында сынға түсетін спортшылар тізімін жариялады.

Олимпиаданың бүгінгі жарыстарында дзюдодан әйелдер бәсекесінде 48 келіде Әбиба Әбужақынова Израиль спортшысы Сара Ришонимен 1 айналымда кездеседі. Ал ерлер арасында 60 келіде Елдос Сметов Нидерланд  өкілі Торнике Чкадуамен 1 айналымда сынға түседі.

Алғашқы белдесулер Астана уақытымен сағат 13:00-де, ал финал 19-00-де басталады. Елімізде тікелей эфирде Qazaqstan телеарнасы көрсетеді.

Басқа да спорт түрлері бойынша мынадай спортшыларымыз жарыс жолына шығады:

НЫСАНА КӨЗДЕУ

Іріктеу 12:00-де, ал финалдар 13:30-да басталады.

Пневматикалық винтовкамен 10 метрден аралас жұптық сын – Қазақстан-1 командасы (Ислам Сатпаев, Александра Ле), Қазақстан-2 командасы (Арина Алтухова, Константин Малиновский). Мұнда іріктеу нәтижесінде 1-2 орын алған құрамалар финалға шығып, чемпионды анықтайды. Ал л 3-4 орындағылар қола медальді сарапқа салады.

Пневматикалық тапаншадан 10 метрден атуда Никита Чирюкин, Ирина Юнусметова сынға түседі. Ерлер іріктеуі 13:30-да, әйелдер іріктеуі 15:30-да басталады. Оны «Хабар» телеарнасы көрсетеді.

АКАДЕМИЯЛЫҚ ЕСКЕК ЕСУ

Іріктеуде Владислав Яковлев алғашқы алтылықта өнер көрсетеді. Әр алтылықта жақсы нәтиже көрсеткен 3 спортшы тікелей ширек финалға шығады. Қалғандары ертесіне (28 шілдеде) тағы бағын сынап көреді. Жарысты ертең 11:55-те Qazsport арнасынан көре аласыздар.

СПОРТТЫҚ ГИМНАСТИКА

18:30, іріктеу кезеңі, «Хабар» арнасында.

Көпсайыс – Милад Карими, ат үстіндегі жаттығу – Нариман Курбанов.

ВЕЛОСПОРТ

18:35

Жекелей сындағы уақытқа жарыс финалы – Евгений Федоров. Qazsport арнасы көрсетеді.

ТЕННИС

15:00

Александр Бублик – Тейлор Фриц (АҚШ), Jibek Joly арнасы.
Юлия Путинцева – Марта Костюк (Украина), Jibek Joly арнасы.

ҮСТЕЛ ТЕННИСІ

23:00

Кирилл Герасименко – Николас Бургос (Чили)

БОКС

00:52 (27-сінен 28-іне қараған түні), «Хабар» арнасында

63,5 кг: Мұхаммедсабыр Базарбайұлы – Ойер Ибаречче (Испания).

Фото: ҰОК

Байланысты жаналықтар

Дзюдо: Астанадағы Grand Slam жарысында кімдер бақ сынайды?

08.05.2025

Әбиба Әбужақынова Grand Slam турнирінде қола жеңіп алды

02.05.2025

Әбиба Әбужақынова Тәжікстанда өтетін Grand Slam жарысына қатысады

29.04.2025

250 мың доллар: Олимпиада жүлдегерлеріне мемлекеттік сыйақы аударылды

25.04.2025

«Ондай мүмкіндіктер жоқ еді». Фариза Төреәлі бала күніндегі армандарының орындалғанын айтты

25.04.2025

Олимпиадада жүлде алған спортшыларға сыйақы ақыры берілетін болды

23.04.2025
MalimBlocks
Дзюдо: Астанадағы Grand Slam жарысында кімдер бақ сынайды?

Grand Slam жеңімпаздарына - 1000, күміс жүлдегерге — 700, ал қола медаль иегеріне 500 рейтингтік ұпай беріледі

Әбиба Әбужақынова Grand Slam турнирінде қола жеңіп алды

Әбиба Әбужақынова Тәжікстанда өтетін Grand Slam жарысына қатысады

250 мың доллар: Олимпиада жүлдегерлеріне мемлекеттік сыйақы аударылды

«Ондай мүмкіндіктер жоқ еді». Фариза Төреәлі бала күніндегі армандарының орындалғанын айтты

Ол бала күнінен қиялдағанды жақсы көретінін алға тартты.

Олимпиадада жүлде алған спортшыларға сыйақы ақыры берілетін болды