Екінші жол: Қазақ тілін шала-жансар күйде ұстау керек

Malim Админ

  • 30.12.2020

Арман Әлменбет. Екінші жол: Қазақ тілін шала-жансар күйде ұстау

Қош, қазақ тілін өлтіре алмайды екенбіз. Өткен жолғы оны айттық.

Оқи отырыңыз: Бірінші жол: қазақ тілін өлтіру керек

Ендеше екінші жолды қарастырып көрейік. Қазақ тілін арнайы күш салып өлтірмей, бірақ жағдайын да түземей, шала-жансар күйінде ұстау.

Отыз жылдан бері біз осы жолмен өмір сүріп келеміз.

Жоқ, о баста дәл қазіргідей болған жоқ. Бұрынғы ғалымдарымыз, зиялыларымыз бар уақытта, ескі қазақтарды көрген шалдарымыз бар уақытта көп мәселе шыға қойған жоқ. Мәселенің бәрі бертінде ушықты. Шамамен, кейінгі он бес жылда.

Оған үш түрлі нәрсе себеп болды. Біріншісі – сыбайлас жемқорлық. Екіншісі – тілдің қолданысы кеңейген уақытта мамандардың шара қабылдап үлгермегені. Айналып келгенде, бұл да сыбайлас жемқорлықтың кесірі. Үшіншісі – идеологияға мән берілмей қалғаннан, оның ішінде мұғалімдердің айлығы төмендеп кетіп, ең нашар оқитын балалардың мұғалімге айналғанынан.

Біз капиталистік жүйеге ауыстық десек те, газет-журнал, телеарна, радиоларымыз әлі күнге үкіметтің қарауында отыр. Аузы қисық болса да байдың баласы сөйлесіннің көкесі осы жерде. Үкіметке керегі не? Өзінің өміршеңдігін сақтап қалу. Сол үшін өзіне берілген адамдарды қояды. Олардың біліктілігі, қарымдылығы маңызды емес. Тіпті, кейбір үлкен бастықтар базардан үлес жинаған рэкет секілді, БАҚ басшыларынан ақша жинағанын да журналистер өзара айтып отырады. Сол жағынан шебер адамдар жұмысқа келген соң, өзінің қолындағы билікті де соған пайдаланады. Осыдан келіп, бағдарламалардың, мақалалардың сапасы деген мәселе кейінгі кезекке кетіп, ондағы қате деген мүлдем қаперден шыққан. Реті келген соң айта кетейік, бұл адамдар күшейгені сонша, ендігі жерде біздің сөзіміз олардың құлағына жетпейді. Олар қайда, біз қайда.

Жә, түңіліп кетпей тұрғанда әңгімемізді әрі жалғастырайық.

Екінші себебі, қазақ тілінің қолдану аясы кеңейген кезде мамандардың уақытында үн қата алмағаны дедік қой.

Совет кезінде қазақ тілі көркем әдебиеттің, ауыл шаруашылығының, үй ішінің тілі ғана ретінде дамыды. Тәуелсіздік алған соң, техникалық ғылым тілі ретінде де, дипломатия тілі ретінде де, заң тілі ретінде де, жарнама тілі ретінде де қазақ тілі дамуы керек болды. Бұрын кірмеген жерлерінің бәріне қазақ тілі бір-ақ күнде кіріп барды. Алла мейіріміне алсын, Ісләм Жарылғапов сияқты кісілер қазақ тіліне аялдама, балмұздақ, көкжиек сияқты жүзге жуық сөзді әкеліп қосатын уақыты осы кез. Бірақ Ісләм Жарылғапов сияқты адам бүкіл салада табыла қоймады ма, я болмаса ондай адамдар салалық сөздіктерді дамыту жұмысына тартылмай қалды ма, әйтеуір көп шаруа орындалмай қалды. Тіл мамандары жұмысын дұрыс істей алмай қалды. Ақын-жазушылар да бұған тиісті дәрежеде мән бере алмай қалды. Сөйтіп қазақ тілі – орыс тілінің клонына айнала бастады. Сөздері – қазақша, құрылымы – орысша, бір құбыжық тіл қалыптасты.

Үшінші үлкен себеп – мұғалімдердің айлығы төмен болып, соның кесірінен әсіресе бастауыш мектебінің мұғалімі деген мамандыққа ҰБТ-дан құлайтын балалардың бара бастауы. Олар мұғалім болып барып, балаға жөнді ештеңе үйрете алмағандығынан.

Қазақ тілінің мәселесіне мән бермей, осылай елемей жүре беру – мемлекет үшін үлкен шығын. Шығынның шығыны.

Халықтың басым бөлігі қазақша біледі. Едәуір бөлігі қазақшадан басқа тіл білмейді. Олар – тілінің жеткілікті түрде дамымағанының кесірінен жарымжан болып отыр. Көп нәрсені біле алмайды, көп жерге кіре алмайды. Шектеліп қалды. Қазақша көп ақпараттың болмауынан интелектуалдық жағынан, көп жерге қазақ тілімен кіре алмайтын болған соң, әрекет ету мүмкіндігі жағынан шектеліп отыр. Осының бәрі оның рухына әсер етіп, жасық болып отыр.

Қазақ тілінің қойыртпақтанып бара жатқаны – орыс тілді халықтың қазақша үйренуіне де кедергі келтіріп отыр.

Мемлекетті ұшпаққа шығаратын да, оны әлсірететін де – халық. Ал халық жекелеген адамдардан тұрады. Жаңалық ашатын да, қара жұмысты істейтін де, байлықты жинайтын да, қылмысты істейтін де сол адамдар.

Мұнай құнсызданатын күн келер. Жер асты байлығын сатып бітірерміз. Сол кезде адамның құны артар. Оған қазірден бастап дайындалуымыз керек. Оның ең үлкен бір қадамы – қазақ тілінің мәртебесін көтеру, оған көңіл бөлу.

Бұл жерде тек мемлекет қана әрекет етпеуі тиіс, жазушылар, ғалымдар, редакторлар, мұғалімдер, журналистер, сценаристер, блогерлер – бәрі сергектік танытуы қажет.

Демек бізге керегі – үшінші жол. Яғни, қазақ тілін дамыту.

(жалғасы бар)

Байланысты жаналықтар

ЖЭС-тің ақшасын желге ұшырған шенеунік сотталды

14.05.2025

Журналист Диас Ахметшәріп комаға түсті

07.05.2025

Мұқағали Мақатаевтың отбасы атышулы блогерден 10 млн теңге талап етті

05.05.2025

Қазақстандықтар ресейлік кәсіпкердің кофеханасына бойкот жариялады

05.05.2025

"Қазақтың Робин Гуды" атанған блогерге тағы бір қылмыстық іс қозғалды

05.05.2025

Шәріп Серік өзін Бишімбаевтың қасына «отырғызғандарды» сотқа берді

29.04.2025
MalimBlocks
ЖЭС-тің ақшасын желге ұшырған шенеунік сотталды

Ұрлық жалған келісімшарттармен және аффилирленген компанияларға ақша аудару арқылы жасалған

Журналист Диас Ахметшәріп комаға түсті

Ол — еліміздегі алғашқы спорт арнасы «Қазспорттың» тұңғыш директоры болған

Мұқағали Мақатаевтың отбасы атышулы блогерден 10 млн теңге талап етті

Іс "Қорлау" бабы бойынша қаралып жатыр

Қазақстандықтар ресейлік кәсіпкердің кофеханасына бойкот жариялады

"Қазақтың Робин Гуды" атанған блогерге тағы бір қылмыстық іс қозғалды

Шәріп Серік өзін Бишімбаевтың қасына «отырғызғандарды» сотқа берді

Адвокат Жанна Уразбахова ЖИ арқылы жасалған видеоның ешқандай қылмыс емесін айтқан