Елдос Сметов пен әйелі Лондонда өмір сүреді
Бұған дейін Сметов Лондонға тіл үйрену мақсатында баратынын айтқан еді

Дзюдодан Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов әйелімен бірге Англияның астанасы Лондонға қоныс аударды, деп хабарлайды Malim.kz.
Бұл жайлы атақты спортшы өзінің Instagram-парақшасында хабарлады. Бұған дейін Сметов Лондонға тіл үйрену мақсатында баратынын айтқан еді.
2025 жылдың басында арнайы ағылшын тілін үйрену үшін Лондонға 4 барамын. Халықаралық дзюдо федерациясына (IJF) ағылшын тілінде сұхбат бергім келеді, деген еді спортшы журналистерге.
Париждегі жарыстан кейін ол шетелдік турнирлерде тіл білмеудің қиындық туғызғанын және кейбір кедергілерге кезіккенін атап өткен болатын. Енді сол олқылықтың орнын толтыруды көздеп отыр. Оқу курсы 4 айға созылады.
Фото: instagram.com/yeldos60kg
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks

Даңқты палуан Жақсылық Үшкемпіров
Жақсылық Үшкемпіров 1951 жылы 6 мамырда Жамбыл облысында дүниеге келген. 2020 жылы Алматыда қайтыс болды. Қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, грек-рим күресінен Әлем чемпионы, екі дүркін Кеңес Одағының чемпионы, I дәрежедегі «Құрмет» және «Барыс» орденінің иегері.