Елдос Сметовтың бапкерінің айлығына 4 млн теңге қосылды

Бұл Спорт және дене шынықтыру агенттігі төрағасының 2014 жылғы бұйрығына сәйкес жүзеге асты

Malim Админ

  • 23.10.2024

Келесі айдан бастап Әлем чемпионатының жеңімпазы Жарқынай Рахымбаева және қола жүлдегер Серғали Әбілда, биылғы Паралимпиаданың паражүзуден күміс жүлдегері Нұрдәулет Жұмағали мен бапкері Саттар Бейсембаевтың жалақысы өседі.


Ал Елдос Сметовтың бапкері келесі олимпиадаға дейін ай сайын 4 млн теңге қосымша жалақы алады. Осы аптада өткен Жамбыл облыстық мәслихатының сессиясында осындай шешім қабылданды.

Жарқынай Рахымбаева және Серғали Әбілда 16-26 тамыз аралығында Кишинев қаласында өткен жарыста армрестлингтен жүлдегер атанған болатын.

Жүлдегерлер жалақысының көтерілуі Жамбыл облысы әкімдігінің 2017 жылғы 27 қарашадағы N262 қаулысына сәйкес жүзеге асты. Енді Жарқынай Рахымбаеваның бұған дейін алып келген жалақысына - 162 448 теңге, Серғали Әбілданың жалақысына - 81 244 теңге, Нұрдәулет Жұмағалидың жалақысына - 2 148 744 теңге, Саттар Бейсембаевтың жалақысына - 974 668 теңге қосылады.

Бапкер Саттар Бейсембаев осыған дейін 385 044 теңге жалақы алып келсе, Нұрдәулет Жұмағалидың жалақысы 1 271 812 теңге көлемінде болған.

Тағы бір айтары, Олимпиада ойындарының алтын жүлдегері Елдос Сметовтың жаттықтырушысы Ғалымжан Жылгелдиевтің де жалақысына қыркүйек айынан бастап 4 млн теңге қосылды. Бұл Спорт және дене шынықтыру агенттігі төрағасының 2014 жылғы 28 шілдедегі бұйрығына сәйкес жүзеге асты.

Жамбыл облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мамандары бұл - спортшылардың әлемдік додаларда жүлде алуына байланысты жалақысына автоматты түрде қосылатын төлем екенін айтады.

Ал, Елдос Сметовтың жалақысына әл-әзірге ешқандай ақша қосылған жоқ. Сметов облыс әкімінің қаулысына сәйкес ең жоғары жалақы - 2 684 000 теңге алады.

Енді Жамбыл облыстық спорт басқармасы қаулыға өзгерістер енгізіп, чемпионның да жалақысын көтеруге қадамдар жасап жатыр. Бұл келесі жылдан бастап іске асуы мүмкін.

Фото: instagram.com/yeldos60kg

Байланысты жаналықтар

Қазақстандағы орташа жалақы 423 мың теңгеге жетті

12.05.2025

Дзюдо: Астанадағы Grand Slam жарысында кімдер бақ сынайды?

08.05.2025

Еліміздегі 45 кәсіпорын өз жұмысшыларына айлық төлемеген

23.04.2025

Голан жотасында жүрген Қазақстан бітімгерлеріне БҰҰ қанша ақша төлейді

12.02.2025

Елдос Сметов пен әйелі Лондонда өмір сүреді

10.01.2025

Сирияда мемлекеттік қызметкерлердің айлығы 400%-ға өседі

06.01.2025
MalimBlocks
Қазақстандағы орташа жалақы 423 мың теңгеге жетті

Дзюдо: Астанадағы Grand Slam жарысында кімдер бақ сынайды?

Grand Slam жеңімпаздарына - 1000, күміс жүлдегерге — 700, ал қола медаль иегеріне 500 рейтингтік ұпай беріледі

Еліміздегі 45 кәсіпорын өз жұмысшыларына айлық төлемеген

Голан жотасында жүрген Қазақстан бітімгерлеріне БҰҰ қанша ақша төлейді

Елдос Сметов пен әйелі Лондонда өмір сүреді

Бұған дейін Сметов Лондонға тіл үйрену мақсатында баратынын айтқан еді

Сирияда мемлекеттік қызметкерлердің айлығы 400%-ға өседі

Сирияда барлығы 1,3 миллионға жуық шенеунік бар.