Футболдан ұлттық құрама мүшелері 100 пайыз ораза ұстайды

Арман Қайыпхан

  • 22.03.2025

Бұл туралы футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы бас бапкер міндетін атқарушы Әли Әлиев айтты, деп хабарлайды Malim.kz sn.kz сайтына сілтеме жасап.

Біздің өз дәстүрлеріміз бар. Соның бірі – Рамазан айында ораза ұстау. Футболшыларымыздың бұл мүмкіндікті пайдаланып, ораза ұстап жүргендеріне қуаныштымын. Біз үшін Рамазан айы үлкен мереке және осы уақытта ораза ұстау өте маңызды. Қасиетті айда көрсеткен шыдамдылықтары үшін өз жігіттеріме алғысымды білдіремін. Командадағы жалпы алғанда 1-2 жігіт болмаса қалғаны толықтай ораза ұстады. Өзімізді жұмылған жұдырық ретінде көрсетіп, қасиетті Рамазан айына құрмет көрсеттік. Мен бұны мәселе деп есептемеймін. Екі жыл бұрын Рамазан айында Дания құрамасын жеңдік – сол кезде де жігіттеріміз ораза ұстайтын. Бұл жолы да біздің үмітіміз ақталатынына сенемін, - деді Әли Әлиев. 

Айта кетейік, бүгін футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңін бастайды. Біздің жігіттер «Cardiff City» стадионында Уэльспен кездеседі. 

Ойын Қазақстан уақыты бойынша 23 наурызға қараған түні 00:45-те басталады. Үш күннен кейін ұлттық құрама Лихтенштейнге қонаққа барады.

Фото: ҚФФ

 

Байланысты жаналықтар

Қазақстан гимнастшылары Азия чемпионатында алтын жеңіп алды

17.05.2025

Қазақстан құрамасы пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды

15.05.2025

Құмар ойынның түрі: Ауғанстанда шахматқа тыйым салынды

12.05.2025

Қазақстан құрамасы ескек есуден Азия чемпионатында 12 медаль алды

11.05.2025

Қазақстан хоккейден әлем чемпионатын жеңістен бастады

10.05.2025

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025
MalimBlocks
Қазақстан гимнастшылары Азия чемпионатында алтын жеңіп алды

Қазақстан құрамасы пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды

Құмар ойынның түрі: Ауғанстанда шахматқа тыйым салынды

Қазақстан құрамасы ескек есуден Азия чемпионатында 12 медаль алды

Медальдар кестесінде екінші орынға тұрақтады

Қазақстан хоккейден әлем чемпионатын жеңістен бастады

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады