Головкин 25 млн теңге жалақы алмайды – ҰОК

ҰОК желіде тараған ақпаратқа жауап берді

Мәди Саматұлы

  • 14.07.2024

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті әлеуметтік желіде айтылған комитет президенті Геннадий Головкиннің жалақысына қатысты ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

ҰОК мәлімдеуінше, Геннадий Головкин президенттік қызметті ерікті негізінде атқарады, яғни, оның қызметіне ақша төленбейді. Оның мотивациясының қаражатқа да, саяси мансапқа да қатысы жоқ.

Оның жұмысы қазақстандық спортқа қолдау көрсетуге, сондай-ақ, Қазақстан ҰОК-тің халықаралық спорттық қоғамдастық алдындағы беделін нығайтуға бағытталған. Өз қызметіне кіріскен бойда Геннадий Головкин ҰОК-тің мемлекет бюджеті ақшасына үміттенбейтінін ашық айтқан. Ұйымның қызметі Г. Головкиннің қатысуымен тартылған демеушілер қаражаты есебінен жүзеге асып жаытыр, деп жазды ҰОК.

Ал жалған ақпарат таратушылар заңға сәйкес жауапқа тартылатынын, нақтылап айтқанда, ҚК 274 бабына сай қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске салған.

Айта кетейік, бокстан Афины – 2004 Олимпиадасының чемпионы Бақтияр Артаев әлеуметтік желідегі сұхбатында Геннадий Головкиннің жалақысына қатысты «нақты білмеймін. Бірақ 20-25 миллион теңге көлемінде жалақы алады деп естідім» деген еді.

Фото: ҰОК

Байланысты жаналықтар

Мыңнан аса қызметкер жалақысыз жұмыс істеген

14.05.2025

Қазақстандағы орташа жалақы 423 мың теңгеге жетті

12.05.2025

Головкиннің алғашқы бапкері дүние салды

02.05.2025

Елімізде қанша адамның жалақысы 3 млн теңгеден көп?

01.05.2025

Геннадий Головкинге ерекше атақ берілді

18.04.2025

Қазақстанда имамдардың жалақысы қанша?

13.04.2025
MalimBlocks
Мыңнан аса қызметкер жалақысыз жұмыс істеген

Қазақстандағы орташа жалақы 423 мың теңгеге жетті

Головкиннің алғашқы бапкері дүние салды

Елімізде қанша адамның жалақысы 3 млн теңгеден көп?

Геннадий Головкинге ерекше атақ берілді

Головкин: Миссиямды табандылықпен жалғастыра беремін

Қазақстанда имамдардың жалақысы қанша?

Қазақстанда 800-ге жуық имам жалақы алады