Грекия мен Қазақстан арасындағы матч қайда өтеді?

Командалар Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінің жартылай финалдық кезеңінде бәсекеге түседі

Malim Админ

  • 22.11.2023

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ЕУРО-2024-ке өту жолындағы ендігі үміті Ұлттар лигасында ойнауына байланысты. Грекия мен Қазақстан командалары 2024 жылдың 21 наурызында Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінің жартылай финалдық кезеңінде бәсекеге түспек.

Грек ақпарат құралдарының хабарлауынша, ойын Афинадағы «OPAP Arena» стадионында өтеді. Стадионға 31 мыңнан астам адам сыяды, жабын түрі - табиғи шөп. Құрлық біріншілігінің финалдық кезеңіне соңғы үш жолдаманы сарапқа салатын шағын турнирге 12 команда қатысады.

Плей-оффқа қатысушылар 2022-2023 жылғы Ұлттар лигасының нәтижелері бойынша анықталады (А, В және С лигаларындағы топ жеңімпаздары немесе олардан кейінгі командалар).

Айта кетейік, жартылай финалда Грузия мен Люксембург құрамалары күш сынасады. Финал 26 наурызда өтіп, жеңімпаз 2024 жылы Германияда өтетін Еуропа чемпионатында ойнау құқығына ие болады. Бұған дейін Қазақстан құрамасы шешуші матчта Словениядан сырт алаңда жеңіліп, Еуро-2024-ке жолдама ала алмай қалған болатын.

Байланысты жаналықтар

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

15.05.2025

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

14.05.2025

Украина­ның Қазақстандағы бұрынғы елшісіне сот үкімі шықты

13.05.2025

Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды

12.05.2025

"Украинаға жұмыс істейді". Ресейде әйел курткасы үшін "экстремизм" күдігімен ұсталды

12.05.2025

Италия өңірін азат етуде қаза болған 36 қазақстандық жауынгер туралы білесіз бе?

12.05.2025
MalimBlocks
Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

Бұдан бөлек, жоба жасанды интеллектті пайдаланудың кейбір түріне де тыйым салады