Мырзағали Айтжанов: Екінші Олимпиадада алтынсыз қалдық

Бас бапкердің айтуынша, олимпиада тосын жағдайлар көп болған.

Сабина Асқарқызы

  • 08.08.2024

Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Париж Олимпиадасын қорытындылап, шағын сұхбат берді, деп жазады Olympic.kz. 

Бас бапкердің айтуынша, олимпиада тосын жағдайлар көп болған.

«Бұл Олимпиадада біз күтпеген сенсациялар көп болды. Әлемнің бес дүркін, Олимпиаданың екі дүркін чемпиондары да жүлдеге  іліге алмай қалды. Париждегі ойындарда бізге алтын бұйырмады. Бірақ жігіттерге еш реніш жоқ. Көпшілік сынағандай шаршамады, барын салды. Ешкім де жеңісті қолдан бермеді», - деді Мырзағали Айтжанов.

Бас бапкер бұл Олимпиаданың барша боксшы үшін сабақ болатынын атап өтті.

«Осымен екінші Олимпиадада алтынсыз қалып отырмыз. Бірақ мен қазақ боксының жеңісті дәстүрге қайта  оралып, аяққа нық тұрарына сенемін. 

Финалға келер болсақ, иә, Александр Хижняк толассыз шабуыл жасады. Бірақ оның соққыларының соңы ғана тиді Нұрбекке. Ал дәл әрі  таза соққыларды біздің жігіт тигізді. Оны қайталаудан да көрген шығарсыздар», - деді Мырзағали Айтжанов.

Айта кетелік, Қазақстан боксшылары Париж Олимпиадасынан күміс медаль жеңіп алды. 80 келідегі Нұрбек Оралбай елге күміспен оралады. 

Фото: Сали Сабиров

Байланысты жаналықтар

Жәнібек Әлімханұлының алдағы жоспары белгілі болды

14.04.2025

Әлем чемпионы ауылында қора тазалап жүр

13.04.2025

Екі ірі турнирге қатысатын қазақстандық боксшылар анықталды

11.04.2025

Тоқаев атағын қорғаған Әлімханұлын құттықтады

06.04.2025

Жәнібек Әлімханұлы: Қорқатындай ештеңе жоқ, барлығын жекпе-жекте көресіздер

04.04.2025

Бокстан Бакуде өтетін турнирге қатысатын спортшылар белгілі болды

02.04.2025
MalimBlocks
Жәнібек Әлімханұлының алдағы жоспары белгілі болды

Әлем чемпионы ауылында қора тазалап жүр

Екі ірі турнирге қатысатын қазақстандық боксшылар анықталды

Бірі Хабаровскте, екіншісі Бакуде өтеді.

Тоқаев атағын қорғаған Әлімханұлын құттықтады

Жәнібек Әлімханұлы: Қорқатындай ештеңе жоқ, барлығын жекпе-жекте көресіздер

Бокстан Бакуде өтетін турнирге қатысатын спортшылар белгілі болды

Отандастарымыз Әзірбайжанда жаттығу өткізіп жатыр