Ораза айт күні жасалатын амалдар

Берік Жанатханұлы

  • 12.05.2021

Ораза айт мерекесі – бір ай бойы шынайы ықыласпен ораза ұстап, әр күнін жақсылық жасаумен өткізген адамның құрметке, марапатқа ие болатын кезі. Алла Тағала құдси хадисте: «Пенделерiм Мен парыз еткен оразаны атқарып, ақысын алуға (айт намазын өтеуге) мешiтке бет алды. Олар Мен үшiн ораза ұстады, Менiң пәрменiммен ауыз ашты, ендi қуанышқа кенелсiн…», – деген.

Ислам дінінде кез келген мереке ғибадатпен бастау алады. Шариғатымыз бойынша айт намазын жамағатпен оқу – уәжіп. 

Ең бастысы мешітке келуші мұсылман жамағатын төмендегі сақтық шараларға мән беруге шақырамыз:

- Үйден дәрет алып келу;

- Намаздан соң қол беріп амандаспау;

- Намаздан кейін көп кідірмей үйге қайту;

- Жамағатпен оқылатын намазға балиғатқа толмаған балаларды алып келмеу;
- Науқастар мен әйелдердің айт намазына қатыспағаны абзал.

Ханафи мәзһабы бойынша айт намазын үйде жеке оқу дұрыс емес.

Бірақ, айт күні күн найза бойы көтерілгеннен кейін әркім өз үйінде екі немесе төрт ракағат нәпіл (дұха) намазын жеке оқи алады. Оны төрт ракағат етіп оқу – абзал. Абдулла ибн Масғуд (Алла одан разы болсын): «Айт намазын оқи алмаған адам төрт ракағат намаз оқиды. Бірінші ракағатта «Фатиха» сүресінен кейін «Сәббихисмә раббикәл-ағлаа», екінші ракағатта «Уәш-шәмси уә духааһәә», үшінші ракағатта «Уәл-ләйли изаа яғшаа», төртінші ракағатта «Уад-духаа» сүрелерін оқиды», – деген. Ал аталмыш сүрелерді жатқа білмейтін кісілер басқа да сүрелерді оқыса болады.

Айт күні сәресін ішпейді, күндіз аузы ашық болады. Өйткені, хадисте: «Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ораза және құрбан айт күндері ораза ұстауға тыйым салатын» делінген.

Ораза айт – мереке. Сондықтан мейрам күні ата-анамызға, отбасымызға, балаларға, тума-туыстарға сыйлық үлестіру – сауапты әрі игі іске жатады. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Бір-бірлеріңе сыйлық беріңдер, араларыңда сүйіспеншіліктерің артады» – деп өсиет еткен.

Ораза айт – кешірім жасайтын күн. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Әрбір жүрегі пәк – тілі шыншыл адам», – деді. Сахабалар: «Тілі шыншыл деген түсінікті, жүрегі пәк дегенді қалай түсінеміз» деп сұрағанда Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Жүрегі пәк дегеніміз  тақуа, таза, ыза және көре алмаушылықтан ада адам», – деді.

Ораза айт – мұқтаждарға көмектесетін күн. Құран Кәрімде: «Аллаға құлшылық етіңдер, Оған еш нәрсені ортақ қоспаңдар. Әке-шешеге, жақындарға, жетімдерге, міскіндерге, жақын көршіге, бөгде көршіге, жан жолдасқа, жолда қалғандарға және қол астындағыларға жақсылық жасаңдар», – делінген («Ниса» сүресі, 36-аят).

Жаратқан Алла әрбіріміздің ораза айт күні жасаған ізгі істерімізді, дұға-тілектерімізді қабыл етіп, жылдан жылға, айдан айға аман-есен жетуді нәсіп еткей!

Байланысты жаналықтар

"Cоғыстың кесірінен Рамазан мерекесін мұсылмандар тойлай алмай отыр" - БҰҰ бас хатшысы

31.03.2025

Қасым-Жомарт Тоқаев халықты Ораза айт мерекесімен құттықтады

30.03.2025

Трамп америкалық мұсылмандарға ауызашар берді

28.03.2025

Ердоған Түркияда демалыс күндерін ұзартты

28.03.2025

Ораза айт-2025: айт намазының кестесі жарияланды

27.03.2025

Қадір түнін қалай өткізген дұрыс?

23.03.2025
MalimBlocks
"Cоғыстың кесірінен Рамазан мерекесін мұсылмандар тойлай алмай отыр" - БҰҰ бас хатшысы

БҰҰ бас хатшысы Антонио Гутерриш мұсылмандарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев халықты Ораза айт мерекесімен құттықтады

Рамазан айында имандылыққа, рухани тазаруға ұмтылған жұртымыз Айт күні ақ дастархан жайып, қонақжайлық көрсетеді

Трамп америкалық мұсылмандарға ауызашар берді

АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде ауызашар беріп, мұсылмандар алдында сөз сөйледі

Ердоған Түркияда демалыс күндерін ұзартты

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ораза айт мерекесі биыл тоғыз күнге созылатынын мәлімдеді

Ораза айт-2025: айт намазының кестесі жарияланды

Қадір түнін қалай өткізген дұрыс?

Қадір түні әрбір мұсылман үшін ерекше мүмкіндік. Бұл түнді қалай өткізген дұрыс?