Париж Олимпиадасында қазақ елін алтын жүлдемен қуантуға тырысамыз – Нұрбек Оралбай

Кейіпкеріміз спорттық жарыстардан, оқу-жаттығу жиындарынан қолы босай қалғанда, бос уақытын отбасына арнап, ата-анасының, бауырларының жанында болғанды ұнатады.

Malim Админ

  • 05.06.2024

Төрт жылдықтың басты додасы – Париж Олимпиадасының басталуына санаулы айлар қалды. Қазіргі таңда ұлттық құрама спортшылары Олимпиадаға жолдама беретін лицензиялық турнирлер мен рейтингтік додаларға қатысып, ұлттық құрама қоржынын мейлінше көп жолдамамен толықтыруға бар күш-жігерін салып жатыр. Ал Париждегі осы жылдың басты бәсекесіне лицензия алып қойған отандастарымыз жеке бағдарлама бойынша шеберліктерін шыңдап, маңызды жарысқа тыңғылықты дайындалуда.  

Ұлттық құрама сапынан Париж Олимпиадасына лицензия жеңіп алған спортшының бірі – боксшы Нұрбек Оралбай. 80 кг салмақ дәрежесінде сынға түсетін отандасымыз Париж Олимпиадасының жолдамасын биыл Италияның Бусто-Арсицио қаласында өткен әлемдік іріктеу кезеңінде жеңіп алды.  

Нұрбек Италиядағы лицензиялық турнир өзі үшін де, ұлттық құрама үшін де өте сәтті өтті деп есептейді.  

Апеннин түбегіндегі турнирге алты боксшы барып, соның бесеуі жолдамаға қол жеткізді. Бұл – біз үшін жақсы нәтиже. Әрине, іріктеу жарысы болған соң, турнирге қатысқан барлық боксшының мақсаты – Олимпиада жолдамасын жеңіп алу болды ғой. Сондықтан барлығымызға жекпе-жектер оңай болған жоқ. Менің салмағымда 62 боксшы жұдырықтасып, соның төртеуіне жолдама бұйырды. Енді біз үшін маңызды кезең басталды. Олимпиадаға жоғары дайындықпен барып, қазақ елін алтын жүлдемен қуантуға тырысамыз, - дейді боксшы.

2000 жылы 11 маусымда туған Нұрбек Оралбай боксқа кездейсоқ келген. Әуелде әкесі Нұрбекті күрес үйірмесіне бергісі келген екен.

Әкем сыңарым Айбек екеумізді Астанадағы «Алатау» спорт кешеніне ертіп апарды. Ондағы ойы – күреске беру еді. Алдымыздан кездейсоқ Асқар Еркебаев есімді жаттықтырушы жолықты. Ол кісі: «Мен бұрыннан осындай егіз балаларды боксқа баулып, соларды чемпион етіп тәрбиелеп шығаруды мақсат тұтып жүр едім» деп айтып қалды. Сөйтіп, әкем қазіргі бапкеріме өз рұқсатын берді. Осылайша, бокс залынан бір-ақ шықтық, - дейді әлем чемпионы.

Ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов шәкірті туралы пікір білдірді. 

80 кг салмақтағы әлем чемпионы Нұрбек Оралбайдың боксқа келгендегі өз мақсаты бар. Сол мақсатына жету үшін тынбай еңбек етуде. Нұрбектің бір артықшылығы – ол қарсыласқа өте ыңғайсыз боксшы. Сол себепті Нұрбек – осы Олимпиадада медаль күтетін жігіттеріміздің бірі, - деді ол.

Боксшы өзінің басты жанкүйері – отбасы екенін айтады. Әр жарыста Нұрбектің ата-анасы баласы үшін тақым қысып, кейде экранның бергі бетінде, кейде ринг сыртында қолдау білдіреді.

Өздеріңізге белгілі, былтыр Өзбекстан астанасы – Ташкентте өткен әлем чемпионатына ата-анамыз біз үшін барып, қолдауларын көрсетті. Ата-анамыздың біздің жанымызда болуы, қолдау көрсетуі қосымша күш береді, сенімділігімізді арттырады. Біз де ата-анамызды, қолдап отырған жанкүйерлерді қуанту үшін әр жекпе-жекте, жарыстарда жеңіске жетуге тырысамыз, - дейді Нұрбек Оралбай.

Кейіпкеріміз спорттық жарыстардан, оқу-жаттығу жиындарынан қолы босай қалғанда, бос уақытын отбасына арнап, ата-анасының, бауырларының жанында болғанды ұнатады.

Фото: Астана қаласы әкімдігі

Байланысты жаналықтар

Париж-2024: Қазақстан туын кімдер алып шығатыны белгілі болды

04.07.2024

«Бір жекпе-жегім бар»: Головкин өзінің нақты жоспарын бөлісті

01.07.2024

Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

27.06.2024

Аңсаған Мұстафа: Ұлттық нақыштағы киім ұлттық сананың оянуына себеп

25.06.2024

Мұхтархан Ділдәбековті жеңген атақты кубалық боксшы Шымкентке келді

24.06.2024

Империялар қандайда бір елді отарлауда алдымен оның салт-дәстүріне шабуыл жасап отырған – жас ғалым

21.06.2024
MalimBlocks
Париж-2024: Қазақстан туын кімдер алып шығатыны белгілі болды

Туымызды боксшы мен жеңіл атлет ұстап шығады.

«Бір жекпе-жегім бар»: Головкин өзінің нақты жоспарын бөлісті

Боксшы спорттағы мансабы туралы сөз қозғады.

Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

Қазақ тілінің корпус қорын арттыру, ішкі функцияларын жетілдіру ғылыми тұрғыдан да, тіл болашағы тұрғысынан да өте маңызды әрі өзекті.

Аңсаған Мұстафа: Ұлттық нақыштағы киім ұлттық сананың оянуына себеп

Ұлттық нақышты киім-кешекке принт түрінде түсіріп, ұлттық сананы жаңғырту жолдарын іздеген дарынды суретші, ұлт жанашыры Аңсаған Мұстафамен әңгімелесудің сәті түсті.

Мұхтархан Ділдәбековті жеңген атақты кубалық боксшы Шымкентке келді

Ол байырғы қарсыласын құшақ жая қарсы алды.

Империялар қандайда бір елді отарлауда алдымен оның салт-дәстүріне шабуыл жасап отырған – жас ғалым

Дәстүр мен тіл, діл мен дін –  бір-біріне қабысып өркен жаятын өте нәзік дүние.  Бірін жойса, екіншісіне ол міндетті түрде әсер етеді.