Президент мырза, Шахановқа көмектесіңіз

Malim Админ

  • 10.07.2020

Белгілі ақын, қоғам және мемлекет қайраткері Мұхтар ШАХАНОВ та өкпе қабынудан аурухана түсті. Бұл туралы жазушы Құдияр БІЛӘЛ хабарлады. Қаламгердің айтуынша, бір аптадан бері ем қабылдап жатқан ақынның жағдайы ауыр.

«Қадірлі Қасым-Жомарт Кемелұлы!  Әлеуметтік желі бетінде хабарланғанындай, қазақтың бір туар дара перзенті Мұхтар Шаханов Өзіңіз алаңдаушылық танытып отырған өкпе қабынуы ауруына шалдығып, Алматы қаласындағы "Қалқаман" ауруханасында ем қабылдап жатыр. Ауырғанына бір жұмадан асты. Емдеу шаралары әлі күнге дейін оң нәтиже бере қойған жоқ. Аурухана әкімшілігі М. Шахановты ауруға шалдыққан көп адамның бірі ретінде ғана қабылдауда. Ал М. Шаханов, Өзіңіз білетіндей, КСРО кезінен бастап тәуелсіздік алуымыз үшін қызмет еткен санаулы тұлғаның бірі. Рас, жоғары билік шешімдерінің бәріне бірдей бас шұлғи бермейді. Бірақ Сіздің ұлттық мәселелерге қатысты шешімдеріңізді жоғары бағалайды. Өзіңіз Президенттікке сайлауға түскен кезіңізде де Сізге ашық түрде қолдау білдіріп, ұлт зиялыларын Сіздің төңірегіңізде жиналуға шақырған болатын. М. Шаханов сол ниетінен бір сәтке де айныған жоқ», - деп жазды Құдияр Біләл фейсбук әлеуметтік желісінде.

Қазақстан және Қырғыз Республикасының халық жазушысы Алматы қаласындағы Қалқаман ауруханасында жатыр екен. 78 жастағы қарт қаламгер бұған дейін жүрегіне ота жасатқан болатын.

«Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Қазақ халқы ерекше құрметтейтін М.Шахановтың ауруханада бір аптадан бері елеусіз ем қабылап жатуы, көпшілікке әртүрлі ой салуда. Оларда: "Мемлекет қазақ ұлтының мәртебесін, рухани құндылықтарын асқақтату тұрғысында бар өмірін сарп еткен М. Шаханов сияқты ұлттық тұлғалар денсаулығына неге назар аудармайды?", - деген алаңдаушылық бар. Мұндай халық алаңдаушылығын өз мүдделеріне пайдаланғысы келіп жүрген күштер де аз емес. Соған орай Сізден М. Шахановтың денсаулығына мемлекеттік тұрғыда назар аударуыңызды сұраймыз. Өзіңізге деген құрметпен,М. Шахановтың орынбасары, жазушы, ҚР Мәдениет қайраткері Құдияр БІЛӘЛ», - деп аяқталады жазба.

Байланысты жаналықтар

Қазақстан құрамасы Словенияны 9:1 есебімен ойсырата жеңді

15.04.2025

Жәнібек Әлімханұлының алдағы жоспары белгілі болды

14.04.2025

Қазақстандық оқушылар Жазғы гимназиадада 11 медаль алды

13.04.2025

Әлем чемпионы ауылында қора тазалап жүр

13.04.2025

Футбол жұлдызы Криштиану Роналдудың табысы қанша?

12.04.2025

Қазақстан футбол федерациясының басшылығына шетел азаматы тағайындалды

12.04.2025
MalimBlocks
Қазақстан құрамасы Словенияны 9:1 есебімен ойсырата жеңді

Жәнібек Әлімханұлының алдағы жоспары белгілі болды

Қазақстандық оқушылар Жазғы гимназиадада 11 медаль алды

Әлем чемпионы ауылында қора тазалап жүр

Футбол жұлдызы Криштиану Роналдудың табысы қанша?

Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубы мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду жылына кем дегенде 350 миллион еуро табыс табады

Қазақстан футбол федерациясының басшылығына шетел азаматы тағайындалды