Қайсановтың қарсыласы жайлы не білеміз?

Malim Админ

  • 06.08.2021

Бүгін Токио олимпиадасының қола медалі үшін боз кілемге еркін күрес шебері Данияр ҚАЙСАНОВ  (74 келі салмақта) шығады. Қазақ балуаны үшінші орын үшін Бекзод АБДУРАХМАНОВПЕН күреседі. Өзбек спортшыларымен көбіне өзбек боксшыларымен бәсекеге түсетініміз жанкүйер қауымға мәлім.

Енді еркін күресте қола үшін белдесуде өзбек балуанын жеңу керек. Еркін күрестен көбіне алтын Қап тауының балуандарына бұйырып жатады. Оларға дода басталмай жатып жанкүйер қауым бәйегіні беріп жатады. Сөздің шыны керек, Қазақстан үшін қоланың өзі аз олжа емес. Еркін күрестен 1996 жылы Атланта олимпиадасында Мәулен МАМЫРОВ қола медаль алса, 2000 жылы Сиднеде Ислам БАЙРАМУКОВ олимпиада ойындарының вице-чемпионы атанды. Ал 2012 жылы Лондон олимпиадасында жамбылдық спортшы Ақжүрек ТАҢАТАРОВ үздік үштікті түйіндеген.

Сонымен Қайсановтың қарсыласы кім? Спортта қандай жетістіктері бар?    

Бекзод Абдурахманов 31 жастағы тәжірбиелі балуан. Бұл оның ең соңғы олимпиадасы болуы ықтимал. Рио олимпиадасында қолаға бір қадам жетпей қалып бесінші орынға табан тіреген. Сондықтан ол осы белдесуде барын салады. Ташкентте туған балуан екі бірдей әлем біріншілігінде қола жүлдені жеңіп алған. Азия ойындары мен Азия чемпионатының екі дүркін чемпионы. Спорттағы жетістігі үшін мемлекеттік «Шухрат» медалімен марапатталған.