Қазақстан боксшылары Ташкентте 4 алтын иеленді 

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында жалпы командалық есепте Өзбекстаннан кейін  екінші орынға тұрақтады

Malim Админ

  • 14.05.2023

Ташкентте бокстан өткен әлем чемпиоатында Қазақстан ұлттық құрамасы жалпы есепте үздік нәтиже көрсетті. Қазақ боксшылары арасында соңғы болып шаршы алаңға шыққан Нұрбек Оралбай финалда жеңіске жетіп, құрама қоржынына төртінші алтынды салды. 

80 келіге дейін салмақ дәрежесінде Нұрбек Оралбай Қытай атынан шыққан этникалық қазақ Тоқтарбек Таңатқанды ұтты. Отандасымыз 3 раунд бойы тоқтаусыз шабуылдап, нәтижесінде чемпион атанды.

Ташкентте мәресіне жеткен біріншілікке Қазақстан құрамасынан 13 боксшы барған еді. Олардың 8-і іріктеу кезеңдерінде сүрініп, финалға тек 5 боксшы ғана шықты. 

Бұған дейін 48 келіде Санжар Тәшкенбай, 54 келіде Махмұд Сабырхан, 71 келіде Ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов әлем чемпионы атанса, 67 келіде тараздық Дулат Бекбауов күміс жүлдеге қол жеткізді. 

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатын жалпы командалық есепте Өзбекстаннан кейін  екінші орынға тұрақтады.

Байланысты жаналықтар

Ташкенттегі әлем чемпионаты.  Қос боксшы жартылай финалда 

10.05.2023

Данияр Елеусінов спорттан кетуіне кінәлілерді атады       

11.01.2023

Әлем чемпионатының үшінші күні.  Қай құрамалар кездеседі? 

23.11.2022

Сәкен жеңіске жетті

31.07.2021

Ауғанстан әскерилері Өзбекстан шекарасын заңсыз кесіп өтуде

29.06.2021

Қыл үстіндегі қауіпсіздік: Орталық Азияда су үшін талас басталды ма?

04.05.2021
MalimBlocks
Ташкенттегі әлем чемпионаты.  Қос боксшы жартылай финалда 

Ширек финалдық сында бапкерлер сенімін толық ақтады

Данияр Елеусінов спорттан кетуіне кінәлілерді атады       

Мені жекпе-жекке шығармай ұстады

Әлем чемпионатының үшінші күні.  Қай құрамалар кездеседі? 

Сәкен жеңіске жетті

Ауғанстан әскерилері Өзбекстан шекарасын заңсыз кесіп өтуде

Қыл үстіндегі қауіпсіздік: Орталық Азияда су үшін талас басталды ма?