Қазақстанда дзюдодан әлем чемпионаты өтеді

Бұған дейін елімізде дзюдодан әлем чемпионаты 2015 жылы өткен.

Сабина Асқарқызы

  • 09.10.2024

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов дзюдо жанкүйерлеріне жақсы жаңалық жеткізді, деп хабарлайды Malim.kz.

Ведомство басшысы Будапешттегі сапарында Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) президенті Мариус Визермен кездесу өткізіп, нәтижесінде елімізде дзюдоны дамыту бағытында бірқатар маңызды келісімге қол жеткізілген.

2027 жылы дзюдодан әлем чемпионатын Қазақстанда өткізу туралы келісімге келдік. Бұл еліміз үшін үлкен абырой, әрі қазақстандық спортшылар үшін үлкен мүмкіндік болмақ. Өйткені чемпионат Лос-Анджелес олимпиадасының қарсаңында өтеді.

Сонымен қатар, Халықаралық дзюдо федерациясы академиясының өкілдігін Қазақстанда ашу туралы уағдаластыққа қол жеткіздік. Бұл бастама біздің спортшыларымыз бен жаттықтырушыларымыздың кәсіби деңгейін көтеруге үлкен септігін тигізетініне сенімдімін, - деп жазды Мырзабосынов.

Естеріңізде болса, дзюдодан әлем чемпионаты 2015 жылы Астанада өткен.

Фото: instagram.com/erbol_myrzabosynov

Байланысты жаналықтар

Қазақстан құрамасы пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды

15.05.2025

Қазақстан хоккейден әлем чемпионатын жеңістен бастады

10.05.2025

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025

Үш қазақ балуаны Grand Slam турнирінде қола медаль жеңіп алды

09.05.2025

Ғұсман Қырғызбаев әлемдік Grand Slam турнирінің финалына шықты

09.05.2025

Дзюдо: Астанадағы Grand Slam жарысында кімдер бақ сынайды?

08.05.2025
MalimBlocks
Қазақстан құрамасы пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды

Қазақстан хоккейден әлем чемпионатын жеңістен бастады

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

Үш қазақ балуаны Grand Slam турнирінде қола медаль жеңіп алды

Екі спортшы 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде медаль жеңіп алды.

Ғұсман Қырғызбаев әлемдік Grand Slam турнирінің финалына шықты

Дзюдо: Астанадағы Grand Slam жарысында кімдер бақ сынайды?

Grand Slam жеңімпаздарына - 1000, күміс жүлдегерге — 700, ал қола медаль иегеріне 500 рейтингтік ұпай беріледі