457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстандық құтқарушы Қытайда ережесіз жекпе жектен чемпион болды

Спортшылар арасындағы бәсекелестік жоғары болды

18 қаңтарда Қытайдың Люйлянда қаласында жергілікті JCK Kings 007 лигасының ММА жекпе-жек турнирі өтті,-деп хабарлайды Malim.kz.  


Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, аталған іс-шарада бұрын-соңды жеңіліс таппаған қазақстандық Көшен Ақанов (5-0) Kubulan Tursynbek-пен (15-12) жекпе-жек өткізді.

Бұл жекпе-жек бойынша хабарламаны 27 жастағы Ақанов аз уақыт ішінде қабылдады. Бастапқыда ол 17 қаңтарда Кувейтте өтетін жекпе-жекке шығуы керек еді. Алайда жекпе-жек қарсыласының жарақат алуына байланысты тоқтатылды.

Спортшылар арасындағы бәсекелестік жоғары болды. Алайда бұл турнирде елордалық құтқарушы Көшен Ақанов қарсыласынан мықты болып, чемпион атағына ие болды.

Фото: видеодан скрин