Шавхат Рахмонов желтоқсанда Біләл Мұхаммедпен жекпе-жекке шығатын болды

Оны жеңсе Қазақстаннан шыққан алғашқы UFC чемпионы атанбақ

Мәди Саматұлы

  • 13.10.2024

Шавхат Рахмонов 8 желтоқсанда UFC-де жартылай орта салмақтағы чемпион атағы үшін Біләл Мұхаммедпен торға шығады, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы әлемдік ұйым басшысы Дана Уайт әлеуметтік желіде хабарлады. Оның айтуынша, жекпе-жек АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтпек.

Ол элиталық күреске сүйене отырып, титулын алғаш рет қорғауға ниетті. Шавхат та жеңілмеген және барлық 18 жекпе-жегінде мерзімінен бұрын жеңіске жеткен. Оның жартысын бірінші раундта аяқтаған. Шавхат тэйкдауннан керемет қорғанады. Барлық жекпе-жегінде уақытының жартысына жуығын төменгі позицияда өткізген. Бұл әртүрлі стильдер арасындағы керемет жекпе-жек болғалы тұр. Біләл өз атағын ұстап тұра ала ма, әлде Қазақстаннан алғашқы UFC чемпионы шыға ма?, дейді Дана Уайт.

Айта кетейік, Біләл Мұхаммед соңғы рет 2019 жылдың 13 сәуірінде Нил Джеффтен жеңілгеннен бері бүгінге дейін 11 жекпе-жек өткізіп, бәрін жеңді (біреуінде төбелес тоқтатылды).

Ал Шавхат үшін бұл беделді ұйым аясындағы 7 жекпе-жегі болмақ. Соңғы рет былтыр 16 желтоқсанда америкалық Стив Томпсонды қылқындырып тастаған болатын.  

Фото: Instagram/ufceurasia

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Кирилл Герасименконы Қазақстанның абсолют чемпионы атағымен құттықтады

25.03.2025

Күтпеген нәтиже: Асу Алмабаев UFC-де техникалық нокаутпен жеңілді

02.03.2025

Шавкат Рахмонов мамырда чемпиондық атаққа таласпайтын болды

20.02.2025

Асу Алмасбаевтың UFC-дегі келесі жекпе-жегі белгілі болды

03.01.2025

Аптадағы негізгі оқиғалар

08.12.2024

Рахмоновтың бүгінгі жеңісінен қанша тапқаны жарияланды

08.12.2024
MalimBlocks
Тоқаев Кирилл Герасименконы Қазақстанның абсолют чемпионы атағымен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Кирилл Герасименконы үстел теннисінен Қазақстанның абсолют чемпионы атағына ие болуымен құттықтады

Күтпеген нәтиже: Асу Алмабаев UFC-де техникалық нокаутпен жеңілді

Шавкат Рахмонов мамырда чемпиондық атаққа таласпайтын болды

Ол жарақатын емдеп үлгермеген.

Асу Алмасбаевтың UFC-дегі келесі жекпе-жегі белгілі болды

Ол австралиялық спортшымен шығады

Аптадағы негізгі оқиғалар

Бір апта ішіндегі негізгі оқиғалар тізбегі. Malim.kz сайтының назарына іліккен оқиғалар.

Рахмоновтың бүгінгі жеңісінен қанша тапқаны жарияланды

Дегенмен оның кездесуі үздік жекпе-жектер қатарына енбеді