Таеквондошыларымыз Токиоға барады

Олжас Қасым

  • 23.05.2021

Қазақстанның таеквондошылары Иорданияның Амман қаласында өткен лицензиялық Азия чемпионатында Олимпиада ойындарының екі жолдамасын жеңіп алды. 

Иордания астанасында өткен турнирде Қазақстаннан төрт спортшы қатысқан еді. Өкінішке қарай, жарыстың алғашқы күні бақ сынаған Фариза Алдонғарова (49 келі) мен Қайрат Сарымсақов (68 келі) жартылай финалда сүрініп, Токио олимпиадасынан тыс қалды. Есесіне, жарыстың екінші күні спортшыларымыз бірден екі жолдама алды. Атап айтсақ, жартылай финалдық жекпе-жектерін сәтті өткізген Жансель Дениз (+67 келі) бен Руслан Жапаров (+80 келі) Олимпиадаға баратын спортшыларың қатарына қосылды. Турнир қорытындысы бойынша Тайпей таеквондошылары мүмкін болған төрт жолдаманың барлығын иеленді. Өзбекстан үш жолдама алды. Жарыс қожайындары Иордания мен Қазақстанда екі жолдамадан бар. Таиланд, Филиппин, Қытай, Вьетнам және Иран елдерінде бір-бір жолдамадан.

Олимпиада ойындарына тура екі ай қалды. Қазақстандық спортшыларда әзірге 59 жолдама бар.

Бокс (ерлер) – 8 жолдама; Байдарка және канода есу – 6; Еркін күрес – 5; Садақ ату – 4; Велошоссе – 4; Жеңіл атлетика – 3; Велотрек – 3; Грек-рим күресі – 3; Әйелдер күресі – 3; Жүзу – 2; Қазіргі бессайыс – 2; Таеквондо – 2; Слаломда есу – 2; Академиялық есу – 1; Каратэ – 1; Семсерлесу – 1; Үстел теннисі – 1; Су добы – 1; Бокс (әйелдер) – 1; Стенд ату – 1; Нысана көздеу – 1; Спорттық гимнастика – 1; Спорттық өрмелеу – 1; Үйлесімді жүзу – 1; Ашық суда жүзу – 1;

 

 

Байланысты жаналықтар

Қазақстан құрамасы Словенияны 9:1 есебімен ойсырата жеңді

15.04.2025

Жәнібек Әлімханұлының алдағы жоспары белгілі болды

14.04.2025

Қазақстандық оқушылар Жазғы гимназиадада 11 медаль алды

13.04.2025

Әлем чемпионы ауылында қора тазалап жүр

13.04.2025

Футбол жұлдызы Криштиану Роналдудың табысы қанша?

12.04.2025

Қазақстан футбол федерациясының басшылығына шетел азаматы тағайындалды

12.04.2025
MalimBlocks
Қазақстан құрамасы Словенияны 9:1 есебімен ойсырата жеңді

Жәнібек Әлімханұлының алдағы жоспары белгілі болды

Қазақстандық оқушылар Жазғы гимназиадада 11 медаль алды

Әлем чемпионы ауылында қора тазалап жүр

Футбол жұлдызы Криштиану Роналдудың табысы қанша?

Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубы мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду жылына кем дегенде 350 миллион еуро табыс табады

Қазақстан футбол федерациясының басшылығына шетел азаматы тағайындалды