Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жәнібек Әлімханұлы есінен танып, жекпе-жектен бас тартты

Спорт
Жәнібек Әлімханұлы есінен танып, жекпе-жектен бас тартты

Қазақстанның кәсіпқой боксшысы, WBO/IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы жаңа зеландиялық қарсыласы Андрей Михайловичпен кездесу алдында есінен танып қалды, деп хабарлайды Malim.kz Qaz365.kz сайтына сілтеме жасап.

Жәнібек Әлімханұлы мен Андрей Михайловичпен ертең кешке болатын өтетін жекпе-жегі өтпейтін болды. Жәнібек бейсенбі күні салмақ қуу кезінде ағзаға су жетіспеушілігі салдарынан талып қалуына байланысты ауруханаға жатқызылды, — деп жазды Talksport.com журналисі, инсайдер Майкл Бенсон Туиттер әлеуметтік желісіндегі парақшасына.

Енді 14 шілде күні Лас-Вегаста (АҚШ) жаңазеландиялық Андрей Михайловичпен кездесу өтпейтін болды.

Бұл кештегі басты айқас жеңіл салмақ өкілдері Раймонд Мураталла - Тевин Фармер арасында өтеді.

WBO және IBF ұйымдарының ресми мәлімдемесі кейіннен шығады. 

Фото: Instagram/janibek_alimkhanuly

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу