Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жек күні ресми түрде жарияланды
Жекпе-жек 13 шілде күні өтеді.
Top Rank промоутерлік компаниясы өзінің Instagram-дағы парақшасында қазақстандық танымал боксшы Жәнібек Әлімханұлының (15-0, 10 КО) келесі жекпе-жегінің уақытын жариялады, деп жазады Malim.kz.
«Қазақ стилі» – WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы. Ал жерлесіміздің қарсыласы Ресейде туып, бүгінде Жаңа Зеландияның атынан өнер көрсетіп жүрген Андрей Михайлович (21-0, 13 КО) болмақ. Жекпе-жек 13 шілде күні Лас-Вегастағы Palm Casino Resort кешенінде өтеді.
Орта салмақ королі оралады, - делінген жазбада.
Естеріңізге сала кетейік, қазақ боксшысы бұған дейін шаршы алаңға 2023 жылғы қазанда шықты. Ол кезде Жәнібек германиялық былғары қолғап шебері Винченцо Гуальтьеримен бокстасып, қарсыласын алтыншы раундта нокаутқа түсірген. Осылайша, IBF белдігіне иелік етті.
Фото: интернеттен