Жанқош Тұраров IBO чемпиондық белбеуінен айрылатын болды

Жекпе-жекке ұзақ уақыт шықпай кетуі себеп болып отыр

Мәди Саматұлы

  • 07.12.2024

Қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров (28-0, 20 КО) жартылай орта салмақта IBO нұсқасы бойынша чемпиондық белбеуінен айрылады, деп хабарлайды Malim.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Сайт жазуынша, бұл шешім спортшының белсенділігінің төмендігіне байланысты қабылданады. IBO ережелеріне сәйкес, чемпиондық титулды қорғау кемінде жылына бір рет өтуі тиіс. Алайда, 10 желтоқсан күні Жанқоштың соңғы жекпе-жегіне бір жыл толады. Бұл оның чемпион атағынан айрылуына негіз болды.

Жанқош Тұраров өз белбеуін 2023 жылдың наурызында мексикалық Алехандро Менесесті (17-6, 10 КО) 10-раундта жекпе-жектен бас тартуға мәжбүрлеп, жеңіп алған. Кейін ол белбеуін сол жылдың желтоқсанында жапон Акихиро Кондоны (37-12-2, 21 КО) жеңіп, сәтті қорғады.

Алайда, келесі қорғау жекпе-жегі, яғни 28 қыркүйекте Алматыда жеңіліс көрмеген венесуэлалық Хесус Корреа Пинтоға (16-0, 16 КО) қарсы өтуі тиіс кездесу, белгісіз себептермен тоқтатылды.

Дәл осындай жағдай қазақстандық тағы бір боксшы, Данияр Елеусіновте де (12-0, 7 КО) болған еді. Ол 2021 жылдың желтоқсан айында IBO чемпиондық белбеуін жеңіп алғанымен, бір жыл ішінде белбеуін қорғамағаны үшін атағынан айырылған.

Фото: instagram/zhankoshturarov

Байланысты жаналықтар

Қазақстан мен Вьетнам басшылары не туралы сөйлесті?

06.05.2025

Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық атағынан айырылуы мүмкін

01.05.2025

Зеленский Ватиканда Трамппен не туралы сөйлескенін айтты

26.04.2025

Ақ үйдегі дау-дамайдан кейін Трамп пен Зеленский алғаш рет кездесті

26.04.2025

Көшербаев FIBA өкілдерімен кездесті

24.04.2025

Тоқаев Гурбангулы Бердімұхамедовпен бейресми кездесу өткізді

22.04.2025
MalimBlocks
Қазақстан мен Вьетнам басшылары не туралы сөйлесті?

Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық атағынан айырылуы мүмкін

Зеленский Ватиканда Трамппен не туралы сөйлескенін айтты

Ақ үйдегі дау-дамайдан кейін Трамп пен Зеленский алғаш рет кездесті

Көшербаев FIBA өкілдерімен кездесті

FIBA - Халықаралық баскетбол федерациясы

Тоқаев Гурбангулы Бердімұхамедовпен бейресми кездесу өткізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовпен бейресми кездесу өткізді,