freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

ШҚО-да Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты шара өтті

Оқиға
ШҚО-да Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты шара өтті
ШҚО әкімдігі

Бүгін облыс орталығындағы Амфитеатр алаңында Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты шара өтті. Оған аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов қатысты. Шара Әнұран шырқалып, Мемлекеттік Тудың көтерілуімен басталды.

«Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран – халқымыздың сан ғасырлық тарихын, асқақ рухын және жарқын болашаққа деген сенімін білдіретін қасиетті құндылықтар. Олар әрбір қазақстандықтың жүрегінде Отанға деген мақтаныш сезімін оятып, ел игілігі жолында адал қызмет етуге үндейді. Біз мемлекеттік рәміздерімізді қадірлей отырып, егемен еліміздің гүлденуі мен өркендеуі жолында аянбай еңбек етуіміз керек. Еліміздің бірлігі нығайып, ынтымағы арта берсін! Мереке құтты болсын!», - деді облыс әкімі.

Нұрымбет Сақтағанов өз сөзінде Тәуелсіздік туын биік ұстау, мемлекетіміздің абыройын асқақтату – Отан күзетінде тұрған әрбір ұланның ғана емес, барша қазақстандықтың ортақ міндеті екенін жеткізді. Одан соң өңірдің өркендеуіне елеулі үлес қосқан түрлі сала мамандарын марапаттау рәсімі өтті.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Құрмет» ордені Катонқарағай ауданындағы Сейітқамза Ластаев атындағы орта мектептің математика пәнінің мұғалімі Назигүл Жылмасбаеваға және Ұлан ауданындағы М.Ломоносов атындағы орта мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Майнұр Ескендіроваға табысталды. Ал «Ерен еңбегі үшін» медалі Маркакөл ауданындағы Қалжыр орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Жанат Жікбаеваға, Өскемен қаласындағы Шәкәрім атындағы №1 орта мектептің география пәнінің мұғалімі Гүлбаран Ибраеваға және Глубокое ауданындағы Белоусовка орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Елена Саблеваға берілді.

Сондай-ақ аймақ басшысы жаңадан қабылданған жас мамандарға мемлекеттік қызметшінің куәлігін салтанатты түрде табыстады. Ары қарай шара мерекелік концертке ұласты.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу