freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

ШҚО-да жүздеген мұғалімнің жеке дерегі жарияланып кеткен

Құқық
ШҚО-да жүздеген мұғалімнің жеке дерегі жарияланып кеткен
Фото: CentralITAlliance/Getty Images

Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында прокурорлар 600-ден астам білім саласы қызметкерінің жеке мәліметтері мемлекеттік сатып алу порталында ашық жарияланған заңбұзушылықты анықтады, деп хабарлайды, деп хабарлайды Malim.kz.

Тексеру барысында жергілікті мектептер мен балабақшалар міндетті медициналық тексеру қызметін сатып алуға арналған хабарландыруларға қызметкерлерінің толық тізімін қоса тіркегені белгілі болды.

Құжаттарда педагогтер мен басқа да қызметкерлердің аты-жөні, жеке сәйкестендіру нөмірі, лауазымы, тұрғылықты мекенжайы және жеке телефон нөмірлері көрсетілген. Бұл мәліметтер интернет қолданушыларына ешқандай шектеусіз қолжетімді болған.

Прокуратураның мәліметінше, мұндай әрекет құпия ақпараттың тарап кетуіне және оны бөтен адамдардың пайдалануына тікелей қауіп төндірген.

Қадағалау актісі енгізілгеннен кейін заңсыз жарияланған 611 қызметкердің деректері ашық дереккөздерден толық өшірілді.

Жеке мәліметтердің жариялануына жол берген жауапты лауазымды тұлғалар заңда көзделген жауапкершілікке тартылды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу