Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

СҚО-дағы жол апаты: екі адам жансақтау бөлімінде жатыр

Оқиға
СҚО-дағы жол апаты: екі адам жансақтау бөлімінде жатыр

Солтүстік Қазақстан облысында ірі жол-көлік оқиғасында зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды.


1 қыркүйек күні «Челябі-Новосібір» республикалық маңызы бар автожолда жол-көлік оқиғасы болып, екі адам мерт болды. Бесеуі түрлі дене жарақатымен емдеу мекемелеріне жеткізілді.

СҚО Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шегушілердің ең егде жастағысы - 74-те, ең жасы жиырмадан асқан.

Біреуі жол-көлік апатынан кейін Мамлют аудандық ауруханасына жатқызылды. Жағдайы орташа, бүгін пациентті Петропавлдағы көпбейінді қалалық ауруханаға жеткізу жоспарланған. Қалған төртеуі бірден осы қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Екеуі ер адам, екеуі – әйел. Бүгінгі таңда 52 жастағы ер адам мен зейнеткер әйелдің жағдайы өте ауыр, тұрақсыз, түрлі сынық алған, жансақтау бөліміне жатыр. Қалғандары травматология бөлімшесінде, олардың да жағдайы ауыр деп бағаланған, - дейді басқарманың баспасөз хатшысы Гүлнар Қалиева.

Естеріңізге салайық, жол-көлік оқиғасы кеше түскі сағат 13.30 шамасында Петропавл-Мамлютка бағытында болды. 

Фото: Canva

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу