Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

ШҚО Экология департаментінің басшысы пара алғаны үшін сотталды

Құқық
ШҚО Экология департаментінің басшысы пара алғаны үшін сотталды

 Шығыс Қазақстан облысында Өскемен соты облыстық экология департаментінің басшысы Д. Әлиевке, жергілікті тұрғын М. Журкабаевқа және кәсіпкер К. Длюжевскийге қатысты үкім шығарды.


"Әлиев пара алғаны үшін, Журкабаев делдалдығы, ал Длужевский коммерциялық ұйымға алтын өндіруге экологиялық рұқсат алу үшін 4,5 миллион теңге көлемінде пара бергені үшін кінәлі деп танылды.

Сот үкімі бойынша, шенеунік 4 жылға, қала тұрғыны – 1 жыл 6 айға, кәсіпкер – 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, сондай-ақ пайдалы қазбаларды барлау және өндіру саласындағы коммерциялық ұйымдарда 5 жыл мерзімге басшы лауазымдарды атқаруға тыйым салынды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, олар өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан айырылды.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.   

Фото: Kazinform

 

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу