Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

ШҚО полицейлері патрульдік қызметте енді гироскутерлер пайдаланады

Құқық
ШҚО полицейлері патрульдік қызметте енді гироскутерлер пайдаланады

Тәртіп сақшылары Өскемендегі жағалау аумағын және облыс орталығының саябақтарында патрульдеу үшін қос дөңгелекті электрлі құрылғыларды игерді, деп хабарлайды Malim.kz.

Полиция департаментінде барлығы осындай төрт скутер бар. Оннан астам полиция қызметкері жүргізу курстарынан өтіп үлгерді және патрульдік қызмет көрсетуге дайын.

Батарея қуатымен жұмыс істейтін Segway полицияға арналған StreetSmart мүмкіндіктерімен, соның ішінде сирена және жыпылықтайтын шамдармен жабдықталған.

Гироскутерлер патрульдік қызметте және көліктер өте алмайтын саябақ аумақтарында, аллеялар мен алаңдарда тәртіп бұзушылықтардың алдын алу үшін пайдаланылады. 

Бұл жаңашылдық уақытты айтарлықтай үнемдейді, сонымен қатар, жұмыс сапасын арттырады.

Фото: polisia.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу