Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Студенттер офлайн оқуға қашан оралады?

Мәдениет
Студенттер офлайн оқуға қашан оралады?

Бүгін өткен онлайн брифингіде білім және ғылым министрінің орынбасары Шолпан Қаринова жоғарғы оқу орындарының студенттері офлайн форматқа қашан оралады деген сұраққа жауап берді.

Бас санитардың қаулысымен эпидемиологиялық жағдай жақсарғандықтан, 1-5-сынып оқушылары 1 наурыздан бастап мектепке оралып, дәстүрлі форматта оқып жатыр. "Ал жоғарғы оқу орындарының студенттері дәстүрлі форматқа қашан оралады" деген "Азаттық" тілшісінің сұрағына білім және ғылым вице-министрі былай деді:

– Біз әу бастан әуелі аралас, кейін дәстүрлі форматқа көшу туралы шешім кезең-кезеңімен қабылданатынын айттық.Елде, тіпті әлемде мұндай жағдай бірінші рет болып тұр. 1-5-сыныптарға мектепке оралуға рұқсат еттік. Ал 6,7,8, және 10-сыныптар қашықтан оқуды жалғастырады. Барлық білім беру мекемелерінде шешім кезең-кезеңімен қабылданады. Біз мұны денсаулық сақтау министрлігімен талқылап, бірге шешім қабылдаймыз, – деді Ш.Қаринова.

Алайда білім және ғылым министрінің орынбасары бүкіл курстағы студенттерді офлайн форматқа көшіру туралы шешім қашан қабылданатынын нақты айтпады.

– 1 қыркүйекте оқу жылы басталғанда мектептерге қатысты бір шешім, ал колледж бен университеттерге мүлде басқа шешім болды. Сондықтан біз оқу процесіне қатысты мынау бірінші, ал мынау екінші шешім деп анықтап жатпаймыз. Жас ерекшелігіне байланысты шешім қабылдадық. Мектеп оқушылары – жас балалар, оларға онлайн форматта оқу қиын. Ал студенттер – жастар, олар жеке гигиена мен  оқу процесін ұйымдастыру мәселелеріне байыппен қарайды. Келесі кезеңдегі шешімдер осыған байланысты қабылданады, – деді Ш.Қаринова.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу