Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Су тасқынынан зардап шеккендер несиесін кейін төлейді

Қоғам
Су тасқынынан зардап шеккендер несиесін кейін төлейді

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы банктер су тасқынынан зардап шеккендер санатына жатқызылған жеке және заңды тұлғаларға несие бойынша борыштарын өтеу мерзімін 2024 жылдың 1 сәуірінен 30 маусымына дейін кейінге қалдыруға дайын екенін растады. 

Жақын арада банктер өз сайттарында және әлеуметтік желілерде кейінге қалдырылған борышты өтеу бойынша мерзімді ұзартуды ұсынудың нақты механизмдерін түсінжіреді. Сондай-ақ өтінімдерді беру алгоритмін және одан кейінгі әрекеттерді жариялайды.

Бүгін Су тасқынына қарсы шараларды үйлестіру және қарғын су жүру кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін Үкіметтің, әкімдіктердің және «Қазақстан халқына» қорының қаржысын пайдалануды тапсырды.

Айта кетейік, «Қазақстан халқына» қоры су тасқынынан зардап шеккендерге 5 млрд теңге бөледі. Бұл қаражат үй құрылысына жұмсалады.

Фото: интернеттен

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу